Общая

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2016 жылы атқарылған жұмыстарының ЕСЕБІ

Категория: Общая
Дата: 26.01.2017
Просмотры: 3925 Печать страницы

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2016 жылы атқарған жұмыстары

Алматы облысы бойынша ақпараттандыру жай-күйі

Алматы облысында күндізгі жалпы білім беретін 741 мектеп бар, ондағы оқушылар саны – 353663. Облыстың білім беру мекемелері 39021 компьютерлік техникамен жабдықталған. 2016 жылы облыс бойынша бір компьютерге оқушы қатынасы – 11 (мұғалімдердің компьютерлерін есептемегенде), ал ауыл мектептерінде 10.

1 компьютерге келетін оқушы саны жағынан Ақсу (5,3), Көксу (6), Қаратал (6,1), Ескелді (7,2) аудандары жақсы көрсеткіштерге ие. Ал Қарасай (16,3), Іле (15,7), Панфилов (14,1), Еңбекшіқазақ (13,4) аудандарында компьютерлік техникамен жабдықтау өте төмен. Бұл аталған аудандардағы оқушылар санының жылдан жылға артуымен сипатталады.

Дегенмен, көптеген аудандарда 1 компьютерге келетін оқушы санының жоғары болу себебі - ескі техника санының басымдығы. Көптеген мектептерде 90-жылдардағы компьютерлер осы күнге дейін баланстан шығарылмай, есепке алынып отырғаны белгілі.

Облыстың 140 білім беру ұйымы 2012-2013 жылдары электрондық оқыту жүйесіне қосылған болатын.

Облыстық семинарлар, тексерулер, орындалған қызметтер

Орталық қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында «Ұлттық білім беру деректер қоры» атты ішкі жүйе құрылғанына байланысты аудандық білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты мамандары мен мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арнап семинарлар өткізіп, консультациялық кеңестер беріп отырды. Білім басқармасы тарапынан өткізілетін алқа мәжілістеріне деректер қорын толтыру бойынша мониторинг жүргізіп, ақпарат беріп отырды.

Жыл бойы Орталық қызметкерлері электрондық оқыту жүйесіне, «Күнделік» электрондық жүйесіне, білім беру ұйымдарындағы компьютерлік техниканы жаңартуға, Интернет қызметтеріне, басқа да ақпараттандыруға байланысты қызметтерді қосуға қажетті қаражат мөлшерін анықтап, есептеулер жүргізіп отырады.

Білім басқармасына ақпараттандыру бойынша келіп түскен хаттарға жауап жазып, әкімдікке білім беру жүйесінің ақпараттандыруы бойынша мәлімет беріп отырады.

Қаңтар айының 5-6 күндері Орталықта облыстық «Информатика» пәнінен олимпиада өткізілді. Қатысушылар саны – 63. Орталық қызметкерлері іс-шараның өткізілуін ұйымдастырып, техникалық қолдау көрсетті.

Қаңтар-маусым айлары аралығында Министрліктің Интернет-порталын www.mediakurs.kz білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесінде пайдаланулары бойынша әр тоқсан сайын (1,2 -тоқсанға) мониторинг жүргізілді. 2015 жылы Министрлікке мемлекеттік тапсырыс аясында республикадағы білім беру ұйымдарының білім алушыларының кез келген ақпаратты аудивизуалды құралдың көмегімен, заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мультимедиялық мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында оқу-танымдық, анимациялық бейне-роликтер әзірленген болатын.

Ақпан айында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және де басқа салаларға байланысты тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Осыған орай, Алматы облысының білім басқармасының тапсырмасы бойынша, орталық қызметкерлерімен стенд материалдары жинақталып, дайындап шығарылды.

Ақпан айының 6-7 күндері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Орынбасарының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 20-53/113 тапсырмасына сәйкес бірыңғай білім жүйесінің жобасын енгізу және білім беру ұйымдарын ақпараттандыруды іске асыру мониторингін жүргізу іс-шаралары үшін облыс бойынша электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру мекемелеріне сауалнама жүргізілді.

2016 жылдың ақпан айының 24 күні Коллегияның кезекті отырысында орталық директоры Шарипова Аида Бөлегенқызы «Ақпараттандыру жүйесі бойынша мектептерге қойылатын талаптар» тақырыбында баяндама оқыды.

Ақпан-наурыз айларында орталықтың жаңа сайтының платформасы құрылып, сайтта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысы білім басқармасының жоспарына және 2016 жылдың ақпан айының 22 күнімен бекітілген жаднамаға сәйкес ағымдағы жылдың 25 ақпан – 28 наурыз аралығында облыстың 140 электрондық оқыту жүйесіне қосылған және 81 кеңжолақты Интернетке қосылған білім беру ұйымдарының жай-күйі зерделенді.

Зерделеу барысында 134 жалпы білім беретін мектептері мен 6 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесінің жұмыстарының ұйымдастырылуы, қойылған компьютерлік және перифериялық техниканың дұрыс орналастырылуы мен қолданылуы, Интернет желісімен қамтамасыз етілуі, жобаға байланысты шығарылған бұйрықтар мен құжаттар, жоба компоненттерімен жұмыс (білім беру ұйымын басқару, оқытуды басқару, сынып бөлмесін басқару жүйесі, білім беру ұйымының порталы, ұлттық білім беру деректер қоры, электрондық кітапхана, тестілеу жүйесі), білім беру ұйымы әкімшілігінің және мұғалімдерінің жүйеде жұмыс жасай алуы, мектептердегі ЛМК-дің және жаңа модификациялық кабинеттердің жай-күйі, ақпараттық веб-ресурстарды (www.bilimland.kz интернет ресурсы, Itest арқылы тест, www.mediakurs.kz) оқу үрдісінде пайдалануы қаралды.

Зерделеу нәтижесіне білім беру ұйымдарына ескертулер жасалып, оларды жоюға нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ филиалы, ЖШС «НИТ» тарапынан орындалған қызметтердің талапқа сай еместігі анықталып, кемшіліктердің шұғыл түрде жойылуының жолдары қарастырылды.

Электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру мекемелерінің жай-күйін зерделеу жөніндегі анықтама әзірленді.

Ақпан айының 28 күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ төрағасы К.Н.Шамшидинованың аудандық/қалалық білім бөлім және білім беру мекемелерінің басшыларына баяндама жасауына байланысты орталықтың қызметкерлері техникалық сүйемелдеу көрсетті.

Наурыз-маусым айларында «Қазақстан Республикасында
білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде 4-10 Мбит/сек кең жолақты Интернетке қол жетімділікке қажеттілігі бар техникалық мүмкіндігі ескерілген мектептердің тізімі әзірленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы №724 бұйрығы негізінде, Алматы облысы бойынша 2016 жылдың 4 сәуірінен бастап «ARTA SENERGY» әлеуметтік бағдарланған платформасы бағдарламалық қамтымының сервистерін жалпы білім беру ұйымдарында тәжірибелік пайдалануға енгізуді қамтамасыз ету бойынша, облыс бойынша мектептердің логин және парольдары жаңартылып, аудандандарға жіберілді. Сонымен қатар әлеуметтік бағдарланған платформаны қолдану туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. “TimeViewer 11” арақашықтан дербес компьютерді басқару бағдарламасының көмегімен Балқаш, Жамбыл, Ұйғыр, Райымбек, Көксу аудандық білім бөлімдерінің мектептеріне техникалық қызмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілінен келген құжаттар тізімі бойынша аудандардың танысу мониторингы(%)

Сәуір айынан бастап орталықтың арнайы сараптамалық кеңесінің мүшелерімен білім беру мекемелеріне бюджеттік бағдарлама есебінен ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу үшін сараптамалық кеңесінің қорытындысын әзірлеуде.

«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №628 бұйрықты (Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №12548 болып тіркелген) негізінде.

Мамыр-маусым айлары аралығында «Ашық деректер» порталына жалпы білім беру нысандары туралы деректерді 2 тілде бөлім қызметкерлері жинақтап өңдеді. «Ақпаратқа қол жеткізу» Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (2016 жылғы 14 сәуірдегі № 30-30-12/2369-И хатқа) тапсырмасына сәйкес, «Ашық деректер» порталында ақпаратты орналастыру қажет болғандықтан.

2016 жылдың 12 мамыр күні жалпы білім беру мекемелерінің пән мұғалімдері (информатика пәнінен басқа), білім беру және тәрбие жұмыстарында ақпараттық технологияларды қолданатын, барлық білім беру мекемелерінің педагогикалық жұмысшылары, пән мұғалімдері арасында облыстық «Ең үздік Activstudio презентациясы» байқауы өткізілді. Байқауға облыс бойынша 18 мұғалім қатысты. Байқау жеңімпаздары анықталынып 1,2 және 3 орындармен марапатталды.

2016 жылдың 19-20 мамыр аралығында 2012-2013 жылдары ЭОЖ қосылған 140 білім беру ұйымдарындағы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларының ЭОЖ пайдалану біліктілігін және АКТ бойынша біліктілігін анықтау мақсатында тестілеу өткізілді. Тестілеу 2 кезеңнен тұрды: тест және практикалық жұмыс. Тестілеуге жалпы 140 мұғалім қатыстып, 136 –сы тестілеуден сүрінбей өтті. Ал 4 мұғалім 27 мамыр күні қайта тапсырды.

2016 жылдың 16-24 мамыр аралығында «Ұлттық білім беру деректер қоры» кіші жүйесін деректермен жинақтап, толтыру жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдың 15 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында «Ақ жол саған, жас түлек!» аманаты аясындағы «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Тіл сарайы ғимаратында 21 маусым 2016 жылы Облыс әкімінің республикалық, халықаралық олимпиада және ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарымен кездесу өткізуі игі дәстүрлердің біріне айналды. Кездесуде облыс әкімі дарынды балалармен тілдесіп, олардың жетістіктеріне деген қуанышын білдіріп, Алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Осы іс-шараларға орталық қызметкерлері ат салысып, презентация, бейнеролик жасап, техникалық көмек көрсетті.

Шілде айының 4-5 күндері Қала күніне орай Білім басқармасының әр бөлімдері үшін презентация әзірленіп, қала күні өткізілген мерекелік шараға орталық қызметкерлерлері техникалық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

Шілде айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған логотипті білім басқармасының ресми сайтына, орталықтың сайтына орналастырды. Сондай-ақ аудандарға хат жолданып, барлық білім беру ұйымдардың интернет-ресурстарында логотиптің орналастыруы қадағаланды.

Тамыз айында кезекті Тамыз кеңесіне орталық қызметкерлерімен облыс бойынша барлық аудандардың презентациялары, инфографика, бейне-фильм өңделіп, әзірленді және Облыс бойынша тамыз кеңесінде оқылатын барлық баяндамалар жинақталып, 500 диске көшіріліп жазылды. Республикалық тамыз кеңесінде баяндама оқыған Білім басқармасы мамандарының презентациялары әзірленді. Педагогтердің Республикалық тамыз кеңесіне бөлім басшысы Амралинов Дастан Талғатұлы қатысып қайтты.

24 тамыз күні орталықта облыстық тамыз кеңесінің 23 секциясы өтті. АКТ-дың көмегімен білім беру деңгейінің сапасын көтеру жолдарын, есеп беруде қолданудың тиімді жолдарын қарастыру, жаңашылдық идеяларды ортаға салу мақсатында өткізілген облыстық тамыз кеңесіне аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 1 маман, 2 оқу ісі жөніндегі орынбасары, 4 әдіскер және 13 информатика пәні мұғалімдері және 8 орталықтың қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №536 бұйрығы негізінде 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап, «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған, электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы 189 орта білім беру ұйымдарына енгізілді. Осыған байланысты, информатика пәні мұғалімдері мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына арналған курсқа облыс бойынша кесте әзірленіп, оқыту семинары ұйымдастырылды. Қыркүйек айының 13-15 аралығында ҚР БҒМ тарапынан жіберілген арнайы мамандар орталықта оқыту курстарын жүргізді.

2016 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен «Bilim Media Group» ЖШС арасында «iMektep» анимациялық фильмдері - дыбыстау-бейнелеу туындысы, «iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешенін, «BilimLand білім беру платформасы» оқыту порталдарын әдістемелік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы №162 келісімшарт жасалды. Оқыту порталдарына ҚР БҒМ тарапынан ұсынылған мектептердің тізімі өңделді және облыс бойынша 92 мектеп қосылды. Осыған байланысты қыркүйек айының 26-28 күндері аралығында кестеге сәйкес оқыту семинары ұйымдастырылды және мектептердің мұғалімдеріне арналған логиндер мен парольдар таратылды.

Қазан-желтоқсан айларында аз жинақталған 109 мектептің тізімі әзірленді. Мультмедиялық құрылғыларды сатып алу мектепке қойылған бірыңғай техникалық талаптарға сәйкес ұйымдастырылуы, бөлінген қаражаттың белгіленген мерзіміне дейін жұмсалуы қадағалану жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан цифрлық білім беру контентін пайдалану мен дамыту шеңберінде интерактивті құрылғыны сатып алуға қаражат бөлінген болатын. Облыс бойынша шағын жинақталған мектептерге Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа алынған компьютерлерге «iTest», «iMektep» және «BilimLand білім беру плотформасы» порталдарының әдістемелік оқыту кешендерін интернетсіз пайдалануға арналған бағдарламасын орнату жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлт жетекшісі- Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің қорымен құрылған, 2012 жылғы “Қазақстан Республикасының әлеуметтік идеялар мен жобалар” жәрмеңкесінің жеңімпазы “Интерактивті мектеп” әлеуметтік жобасын қолдау мақсатында аталған жобаның Алматы облысы бойынша іске асырылуына ықпал етуді сұрап хат жолдаған болатын. Осы хат негізінде 2016 жылдың 11 қазан күні аудандық/қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына №119 хат жолданды. Білім бөлімдеріне және жалпы білім беру ұйымдарына жеке сайт ашуға қажетті ақпараттар жинақталды.

“Интерактивті мектеп” әлеуметтік жобасының мақсаты жалпы білім беру ұйымдарын үш тілдегі тегін интерактивтік сайтпен (ресми Интернет өкілдік) қамтамасыз ету болып табылады. Интерактивті сайт бірыңғай платформада жасалады және білім алушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға, білім беру әкімшісіне, үйлестіруші мекемелерге ақпарат іздеу және білім беру қызметін көрсету қолжетімділігіне жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Жобаның міндеттері:

  • Білім беру мекемелерінің ақпараттық білім беру ортасы үшін қазақстандық интерактивтік құрал-саймандардың дамуы мен олардың ресурстарын оқу-тәрбие қызметінде пайдалануға мүмкіндік туғызу;
  • Мектептің білім беру процесі туралы жедел ақпаратпен қамту;
  • Оқушылар мен педагогтар шығармашылық өзін-өзі таныту үшін кеңістік құру.

Жасалған сайт білім беру ұйымның жеке меншігіне беріледі. Білім беру ұйымдары сайттың мазмұнын өзгертіп, жаңа бөлімдер, бөлімшелер, парақтар, жаңалықтар, сілтемелер және т.б. қосып, сайтты өз бетінше басқарып жұмыс жасай алады. Бірыңғай платформа ыңғайлы түрде орындалған және арнайы техникалық білім мен бағдарламалық машықтануды қажет етпейді. Жобаны іске асырумен “Ақпараттық-технологиялық орталық” айналысып, сайттарды құру жұмысын жүргізуде. Жалпы сайт 686 мектепке, оның ішінде 9 облыстық мекемеге және 19 аудандық білім бөлімдеріне өңделеді.

Қараша айында Алматы облысы бойынша білім саласында болып жатқан жаңалықтар мен өтіп жатқан түрлі іс-шараларды жариялап отыру мақсатында, Алматы облысының білім басқармасының және орталықтың Facebook ресми парақшасы іске қосылды. Білім басқармасының парақшасына жарияланатын жаңалықтарды жинақтау үшін almnewsgroup@gmail.com электрондық поштасы ашылып аудандық/қалалық білім бөлімдеріне таратылды. Аудандық/қалалық білім бөлімдері өздерінде болып жатқан жаңалықтар мен іс-шаралар туралы ақпараттарды осы поштаға жібереді. Келіп түскен ақпараттарды қадағалап, қатесін түзетіп парақшаға жариялап отырамыз.

Қазан айында облыс бойынша тағы 103 мектеп «Bilimland.kz» инновациялық білім берудің онлайн ресурсына қосылды. Осыған орай, қараша айының 7, 8 күндері кестеге сәйкес оқыту семинары ұйымдастырылды және мектептердің мұғалімдеріне арналған логиндер мен парольдар таратылды. Оқыту семинары «Bilim Media Group» ресурстық орталығында өтті.

2016 жылдың 11 қарашасында Президенттік олимпиада өткізілді. Орталық қызметкерлері іс-шараға техникалық қолдау көрсетіп, 20 жұмыс орнын дайындап, ақаусыз өткізілуін қамтамасыз етті.

Қараша айының 28-29 күндері «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы орта білім мазмұнын жаңғырту аясында «Жүйелі әдістемелік кешен» порталын тікелей желіге іске қосылуына орай, Талдықорған қаласының 1,4 сынып мұғалімдеріне «Назарбаев зияткерлік мектептері» порталда жұмыс жасауды үйрету бойынша оқыту семинарын өткізді.

2016 жылдың 5 желтоқсанында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омардың қатысуымен Алматы облысының білім басқармасының кезекті алқа мәжілісі өткізілді. Сонымен қатар 28 желтоқсанда Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында өткен «Президенттік шырша» мерекесіне білім беру үрдісін ақпараттандыру бөлімінің қызметкерлері техникалық сүйемелдеуге қажетті бейнеролик, презентация жасауға ат салысты.

Желтоқсан айының 5,6 күндері орталықта Ескелді, Көксу аудандарының және Текелі қаласының 1,4 сынып мұғалімдеріне «Назарбаев зияткерлік мектептері» порталда жұмыс жасауды үйрету бойынша оқыту семинары өткізілді. Облыстың қалған аудандары үшін семинар12-14 күндері онлайн режімінде өтті.

Желтоқсан айының 9-11 аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Білім басқармасының тапсырмасы бойынша орталық қызметкерлері жобаға қатысуға келген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілікке тұрды.

2016 жылдың 10 желтоқсан күні «Информатика» пәні бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі орталықта өткізілді. Орталық қызметкерлерінің комиссия мүшелерімен қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталынды.

Ағымдағы жылдың 12-14 желтоқсан аралығында «Bilim Media Group» ресурстық орталығы Текелі қаласы, Ескелді және Көксу аудандарының мектеп мұғалімдеріне арналған «BilimLand білім беру платформасы», «iTest» және «iMektep» порталдары бойынша оқыту семинарын өткізуіне орталық өз үлесін қосты.

2016 жылдың 21 желтоқсан күні Алматы облысы бойынша электрондық оқыту жүйесіне қосылған 140 білім беру ұйымдарына ЭОЖ-ін техникалық сүйемелдеу және қаржыландыру бойынша ЖШС «АО НИТ» басшысының қатысуымен семинар өткізілді. Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты әдіскерлері шақырылып, көптеген сұрақтар талқыланды.

Облыстық баяндама білім саласының ахуалы мен оның дамуындағы тенденцияларға салыстырмалы аспектілерде ақпараттық-сараптамалық шолу болып табылады.

Жыл сайын электрондық оқыту жүйесін енгізу және білім сапасын бағалау бөлімінің қызметкерлері облыстық баяндама дайындайды. Биылғы жылы қажетті деректерді аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен жинақталды.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының www.aocit.kz ресми сайтын Орталық қызметкерлері жыл бойы ақпаратпен толықтырып, жаңартып техникалық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Осы салада заман ағымына байланысты туындаған жаңалықтарды игеру мақсатында сайттын безендірілу жұмыстары жаңартылып отырады. Сонымен қатар, Алматы облысы білім басқармасының ресми сайтына бөлімдер қосып, мәліметтермен толықтырып, техникалық қолдау көрсетіп отырды. Орталық «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурсын құрған болатын. Сайтқа аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарында өтіп жатқан іс-шаралар туралы жаңалықтар, мұғалімдердің үздік сабақ жоспарлары, сондай-ақ пайдалы ақпараттар жарияланып отырды.

Білім беру ұйымдары «Ұлттық білім беру деректер қоры» және «E-LEARNING» электронды оқыту жүйесі бойынша толық ақпараттар алып отыруы үшін Орталық сайтына арнайы бөлімдер қосылып, ақпараттармен толықтырылды.

«E-learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу.

Алматы облысы бойынша 2012 жылы 67 білім беру ұйымы қосылды, оның 63-і жалпы білім беретін мектептер, 4-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары. Ал 2013 жылы 73 білім беру ұйымы, оның 71-і жалпы білім беретін мектептер, 2-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

2015 жылдың қаңтар айында республикалық бюджеттен қаржыландыру тоқтатылып, жергілікті бюджетке ауыстырылды. 2016 жылы «E-learning» электрондық оқыту жүйесінің техникалық қызметі және интернет желісі толығымен облыстық бюджеттен қаржыландырылды.

«Ұлттық білім беру деректер қоры»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰББДҚ) атты ішкі жүйе құрылған. Жүйеге 1841 білім беру мекемелері қосылған, оның ішінде 731 жалпы орта білім беру мекемелері, 10 мамандандырылған, 29 арнаулы, 65 қосымша білім беру мекемелері, 19 ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымы (жанұялық типтегі балалар үйі), 914 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар), 73 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қосылған.

Наурыз айында ҰББДҚ қайта ашылып, барлық білім беру ұйымдары базаға енгізген мәліметтерне өзгерістер енгізді. Барлық енгізілген өзгерістер «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ жауапты мамандарымен келісіліп, пысықталып отырды. ҰББДҚ – на өзгерістер енгізу кезінде күнделікті http://connect.e.edu.kz/ncoso1/ сілтемесі арқылы сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін онлайн кеңес беріліп отырды.

Алматы облысы бойынша 2016 жылдың 5 қыркүйегінен 10 қазан аралығында білім беру ұйымдарының барлық түрлері үшін паспорттарды толтыру үшін Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары жүргізілді.

Қыркүйек айында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшысы және Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлерімен бірлесіп .

Мерзімі

Өткізу орны

Уақыты

Қатысушылар

1

13.09.2016 жыл

Алматы облысының білім басқармасы

 

 

10.00

 

облыстық білім басқармасы мамандары

2

 

13.09.2016 жыл

Талдықорған қаласы

№9 орта мектеп

14.00

- Талдықорған қалалық білім бөлімі мамандары;

- Барлық білім беру мекемелері

3

14.09.2016 жыл

Жамбыл ауданы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп

10.00

- Жамбыл аудандық білім бөлімі мамандары;

- Барлық білім беру мекемелері

  • Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі
  • Ұынағаш медициналық колледжі

4

14.09.2016 жыл

Қарасай ауданы

Абай атындағы орта мектеп-гимназия

14.00

  • Қарасай аудандық білім бөлімі мамандары;
  • Барлық білім беру мекемелері
  • Қаскелең мәдениет колледжі
  • Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі
  • Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі
  • Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі
  • «Жәрдем» медициналық колледжі
  • Қаскелен Гуманитарлық-Техникалық колледжі
  • "Аяжан Қарасай" колледжі білім беру мекемесі
  • "Аяжан Чунджа" колледжі білім мекемесі
  • Медресе колледжі
  • Алматы экономикалық колледжі
  • Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі МКҚК

5

15.09.2016 жыл

Талғар ауданы

№7 орта мектеп

10.00

- Талғар аудандық білім бөлімі мамандары;

- Барлық білім беру мекемелері

  • Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
  • Талғар медициналық колледжі
  • Талғар политехникалық колледжі
  • "Талғар медициналық колледжі"
  • Д.А.Қонаев атындағы университеттің Талғар қаласындағы колледжі
  • Талғар экономикалық колледжі
  • Кәсіптік оқудағы көпсалалы "Шонжы политехникалық колледжі"
  • Медициналық колледжі «Дауа»
  • Жауғашты ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжі
  • Экономика және Құқықтану колледжі
  • "Прогресс" политехникалық колледжі мекемесі

6

15.09.2016 жыл

Еңбекшіқазақ ауданы

№ 4 Абылайхан атындағы орта мектеп

14.00

- Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі мамандары;

- Барлық білім беру мекемелері

  • Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі
  • Шелекті политехникалық колледжі
  • "Қаракемер кәсіптік колледжі"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
  • "Жетісу заң колледжі" мекемесі
  • Есік медициналық колледжі
  • Турген үздіксіз білім беру колледжі
  • Шелекті медициналық колледжі
  • "Есік кәсіптік-техникалық колледжі " мекемесі
  • Медициналық колледж "Шапағат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • "Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі"
  • Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі

7

16.09.2016 жыл

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша Онлайн режимінде

(Almatinskayaoblast бөлмесінде)

10.00

- Ақсу, Балхаш аудандары

  • "Бақанас аграрлы - индустриалдық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы, Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі 224

11.30

  • Ақсу политехникалық колледжі
  • Қапал кәсіптік-техникалық колледжі
  • Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі
  • Жаркент көпсалалы колледжі
  • Жаркент медициналық колледжі «Диана»»
  • Жаркент қаржы-экономика колледжі
  • Көксу ауылшаруашылық колледжі
  • Текелі кәсіптік колледжі
  • Бастөбе политехникалық колледжі
  • Көксу политехникалық колледжі

8

16.09.2016 жыл

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша Онлайн режимінде

(Almatinskayaoblastбөлмесінде)

14.00

- Алакөл, Сарқан, аудандары

 

 

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы, Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі 224

15.30

  • Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі
  • Тоқжайлау политехникалық колледжі
  • Сарқанд гуманитарлық колледжі
  • Сарканд политехникалық колледжі
  • Қапшағай көпсалалы колледжі
  • Заречный ауылындағы кәсіптік колледж
  • Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық колледж
  • Қапшағай кәсіптік колледжі
  • «Байтерек» Қапшағай колледжі

9

17.09.2016 жыл

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша Онлайн режимінде

(Almatinskayaoblastбөлмесінде)

10.00

Ескелді, Қаратал аудандары

 

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы, Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі 224

11.30

  • Талдықорған политехникалық колледжі
  • Талдықорған агро-техникалық колледжі
  • Талдықорған саз колледжі
  • Талдықорған заң колледжі
  • Талдықорған сервис және технологиялық колледжі
  • Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі
  • Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі
  • Талдықорған гуманитарлық-экономикалық колледжі
  • Талдықорған заң колледжі мекемесі
  • Талдықорған экономика және көлік колледжі
  • Талдықорған бизнес құқық және жаңа технологиялар колледжі
  • Білім" гуманитарлы-техникалық колледжі
  • Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
  • «Сенім»Колледж» ЖШС

10

17.09.2016 жыл

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша Онлайн режимінде

(Almatinskayaoblastбөлмесінде)

14.00

Райымбек, Көксу аудандары

 

11

19.09.2016 жыл

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша Онлайн режимінде

(Almatinskayaoblastбөлмесінде)

10.00

Панфилов, Ұйғыр аудандары

12

19.09.2016 жыл

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша Онлайн режимінде

(Almatinskayaoblastбөлмесінде)

14.00

Кербұлақ, Іле аудандары

 

13

20.09.2016 жыл

ҰББДҚ-ын толтыру бойынша Онлайн режимінде

(Almatinskayaoblastбөлмесінде)

10.00

Текелі, Қапшағай қаласы

14

20.09.2016 жыл

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы, Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі 224

14.00-17.00

- Облыстық білім басқармасы мамандары;

- Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы мамандары

 

 

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының мамандары күн сайын ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп, жүйе жұмысына сараптама жасап, аудандық (қалалық) білім бөлімдерін хабардар етіп отырды.

Ұлттық білім беру деректер қорында электрондық-цифрлық қолтаңба орнатуда барлық білім беру ұйымдарына орталықтың білім берудегі ақпараттандыру техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері үнемі консультациялық кеңес беріп отырды.

Барлық білім беру ұйымдарының ұлттық білім беру деректер қорын толтыру және ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) қою жұмыстары барысында жіберілген кемшіліктер ескерілмей растап қол қойылған. Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне ескертулер жасалып, жіберілген қателіктер бойынша жұмыстар атқарылды.

«Білім беру ұйымдарының порталы» кіші жүйесі

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (I кезең) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 57- тармағын орындау үшін Алматы облысы бойынша 2012-2013 жылы 140 білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесі (e-learning) енгізілді.

Электрондық оқыту жүйесіне қосылған 140 білім беру ұйымдары бұрын құрылған өз сайттарын «Білім беру ұйымдарының порталы» (www.e.edu.kz) кіші жүйесіне көшіріп, порталды жүйелі түрде ақпараттармен толтыру жұмыстарын жалғастыруда.

Бөлім қызметкерлері апта сайын порталды толтыру жұмысын қадағалап, мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижесіне қарап, жаңа бөлімдерді қоса алмай отырған білім беру ұйымдарына хабарласып техникалық және ақпараттық көмек көрсетіп отырады.

Алайда электрондық оқыту жүйесіне (e-learning) бөлінетін қаражат республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке ауыстырылуына байланысты, «Білім беру ұйымдарының порталы» кіші жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап электрондық оқыту жүйесі қайта іске қосылуына байланысты, порталдағы деректерді өзектілеу және жаңарту жұмыстарын 01.09.2016 жылы жалғастырылады.

Автоматтандырылған ақпараттық білім беру «Күнделік» жүйесі

ҚР БҒМ -ң 2016 жылдың 29 тамызы №536 бұйрығын негізге ала отырып, Алматы облысының білім басқармасы «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің біріңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы ішкі бұйрық шығарды.

Алматы облысы бойынша жүйеге 371 білім беру мекемелерін қосу жоспарланды. «Kүнделік (Kundelik)» ЖШСжәне Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері бірлесіп Алматы облысының 16 ауданның .

2016 жылдың 22-23 желтоқсан аралығында Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері Текелі қаласы, Қаратал және Кербұлақ аудандарына

«Kүнделік (Kundelik)» ЖШС – қазақстандық АТ-компаниясы, білім беру басқару мекемелердің өкілдеріне, сондай-ақ мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, білім беру ұйымдарының әкімшілеріне бірыңғай электрондық білім беру аймағының әзірлеушісі.

Қызметінің басты бағыттары:

· Мектептің білім беруін жаңғырту.

· АКТ-ның озық интеграциясы білім беру процесінде.

· «Педагог-оқушы-ата-ана» коммуникациясын интерактивті дамыту.

· Бірыңғай ортаның ақпараттық алмасуын енгізу.

· Мектеп экожүйесіне қызмет көрсету және құру.

· Қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Облыстық интерактивті сабақтар туралы мәлімет

Алматы облысы бойынша 2007 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша интерактивті сабақтардың кестесі құрылып, білім басқармасымен бекітіледі. Осы кестеге сәйкес облыс мұғалімдері оқу жылы ағымында әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00-де www.elp.kz порталының «Almatinskaya oblast» бөлмесінде ашық сабақтарын өткізіп тұрады.

Алматы облысы бойынша 2016-2017 оқу жылы онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысатын білім беру ұйымдарының саны 222-ге жетіп отыр. Оның 212-сі орта мектеп, 7- облыстық мекемелер және 3-колледж.

Облыс бойынша онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысуға мүмкіндігі бар білім беру ұйымдарының саны

2016-2017 оқу жылында өткізілетін облыстық интерактивті сабақтардың кестесі төмендегі тақырыптар бойынша жинақталып, білім басқармасымен бекітілді:

  1. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша үздік сабақтар;
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы № 92 бұйрығын орындау мақсатында PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын қолдану сабақтары;
  3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы сабақтар;
  4. «2015 жылдың үздік педагогі» атағының иегерлері сабақтары.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 33 және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 5 облыстық интерактивті сабақ өткізу жоспарланды. 33 сабақтың 17 сабағы жаратылыстану- математикалық бағыт, ал 16 сабағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жинақталды.

Осы кестеге сәйкес облыс мұғалімдері оқу жылы ағымында әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00-де www.elp.kz порталының «Almatinskaya oblast» бөлмесінде ашық сабақтарын өткізіп тұрады.

Орталықтың ұйымдастыруымен «Үздік педагог-2016» республикалық байқауының жеңімпаздары кестеден тыс, 2016 жылдың 7 қазан, 24 қазан және 27 қазан күндері онлайн режимінде облыстық ашық сабақтар өткізді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейіңгі және орта білім департаментінің №ІІ-2/1995-вн хатына байланысты, 2016-2017 оқу жылында онлайн режимінде жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық ашық сабақ өткізетін мұғалімдердің мәліметтерін жинақпат, кесте ұсындық.

Облыс бойынша 2016-2017 оқу жылында өткізілетін

облыстық интерактивті сабақтар саны

Аудан (қала)

Сабақ саны

Пәні

1

Ақсу

2

Әдебиетті оқу (бастауыш)

Физика

2

Алакөл

2

Химия

Қазақ әдебиеті

3

Балқаш

2

Тарих

Ағылшын тілі

4

Еңбекшіқазақ

1

Тарих

5

Ескелді

1

Математика

6

Жамбыл

1

Қазақ әдебиеті

7

Іле

2

Физика

Тарих

8

Қаратал

1

География

9

Қарасай

3

Қазақ әдебиеті

Информатика

География

10

Кербұлақ

1

Өзін өзі тану

11

Көксу

1

Химия

12

Панфилов

1

Қазақ әдебиеті

13

Райымбек

1

Информатика

14

Сарқан

1

Информатика

15

Талғар

2

Қазақ тілі

Биология

16

Ұйғыр

2

Қазақ тілі

Тарих

17

Қапшағай

2

Биология

Физика

18

Текелі

2

География

Математика

19

Талдықорған

3

Орыс тілі

Биология

Тарих

20

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі

2

Тарих

Ағылшын тілі

21

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

5

 

 

Жалпы саны

38

 

2016-2017 оқу жылының І жартыжылдығында өткізілген

облыстық онлайн семинарлар

05.09.2016 ж.- Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында онлайн режимде (Almatinskaya oblast бөлмесінде) жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер және оқушылар қатысты.

16.09.2016 ж.- Орталық қызметкерлері «Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру» бойынша аудандық/қалалық білім беру ұйымдарына және колледждерге арналған семинар өткізді.

25.10.2016 ж.- Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Мектеп бітірушілерді жаратылыстану пәндерінен қорытынды аттестациялауға дайындау әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді.

8.12.2016 ж.- Алматы облысының білім басқармасы «Кәмілетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу және олардың құқықтарын қорғау» тақырыбында конференция өткізді.

2016 жылдың 12-14 желтоқсан аралығында- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ЖӘК жауапты маманы 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған жүйелі-әдістемелік кешен (smk.edu.kz) порталын оқыту бойынша онлайн режимінде семинар өткізді.

2016-2017 оқу жылының І жартыжылдығында өткізілген республикалық онлайн семинарлар

08-12 тамыз 2016 ж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейіңгі және орта білім департаменті «2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»

12.08.2016 ж.- Техникалық және кәсіптік білімді департаменті «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғыртудың стратегиялық бағыттары» тақырыбында семинар өткізді.

26.08.2016 ж.- «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Білім беру статистикасы департаменті 2016-2017 оқу жылының Ұлттық білім беру деректер қорын сапалы толтыру мақсатында онлайн оқыту семинарын өткізді.

29.08.2016 ж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ «Білім мазмұны және тегін кәсіптік техникалық білім беру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметкерлеріне онлайн семинар өткізді.

09.09.2016 ж.- «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Білім беру статистикасы департаменті Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің ҰББДҚ-на жауапты мамандарына арналған онлайн семинар өткізді.

14.09.2016 ж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беру ұйымдарына «Жаңартылған білім беру мазмұны» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

21.10.2016 ж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейіңгі және орта білім департаменті «Мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейінгі) мектепке дейіңгі мекемелерге кезекке қою» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

24.10.2016 ж.- Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Білім беру статистикасы департаменті Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру бойынша аудандық-қалалық білім бөлімдерінің ҰББДҚ-на жауапты мамандарына арналған онлайн семинар өткізді.

16.11-17.11.2016 ж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ «Шетелдер мен Қазақстанда білім алуды қаржыландыру тетіктері» тақырыбында онлайн режимінде семинар өткізді.

Әр оқу жылының басында барлық білім беру мекемелеріне, сонын ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына да онлайн режимінде интерактивті сабақтардың кестесінің құрылғаны туралы және сабаққа қатысуға мүмкіндік беретін лицензияны алу қажет екендігі туралы арнайы хат жолданады.

Алайда білім басқармасы тарапынан арнайы хат жолдансада, облыс бойынша интерактивті сабақтарға қатысуға мүмкіндігі бар 222 білім беру ұйымдары осы уақытқа дейін өтіп жатқан сабақтарға және семинарларға толығымен қатысқан емес.

Атап айтатын болсақ: Алакөл, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының сабаққа қатысу пайызы мүлдем төмен, ал Кербұлақ, Райымбек, Ұйғыр аудандары сабаққа мүлдем қатыспайды деседе болады.

Сабаққа қатыспаудың басты себептері интерактивті сабаққа қатысуға мүмкіндік беретін Blackbоard Collaborate бағдарламасының лицензиясы мерзімін ұзартуға уақытымен қаражат бөлінбеуі және мектептердегі интернет желісі жылдамдығының төмендігі. Ал облысымызда жеке меншік колледждерді қоспағанда 41 мемлекеттік колледж жұмыс жасауда. Осы 41 колледждің тек үшеуінің ғана онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысуға мүмкіндіктері бар. Сабаққа қатысуға мүмкіндіктері бола тұра 3 колледжде осы уақытқа дейін өтіп жатқан сабақтарға мүлдем қатыспады.

2007 жылдан бастап өткізіліп жатқан онлайн режиміндегі интерактивті сабақтарға осы уақытқа дейін үш колледждің қатысуы өте төмен көрсеткіш. Осы көреткішке қарап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қазіргі заман талабына сай ақпараттық-коммуникативтік құралдарды пайдалана отырып қашықтықтан білім беруге, оқу үрдісіндегі іс-шараларды онлайн режимінде жүргізуге және өз іс-тәжірибелерімен алмасу белсенділіктерінің мүлдем төмен екенін байқаймыз.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.