Общая

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2018 жылы атқарған жұмысы

Категория: Общая
Дата: 07.01.2019
Просмотры: 995 Печать страницы

Алматы облысы бойынша білім саласын ақпараттандырудың жай-күйі

        Алматы облысында күндізгі жалпы білім беретін 760 мектеп бар, ондағы оқушылар саны – 390087. Облыстың білім беру мекемелері 46698 компьютерлік техникамен жабдықталған. 2018 жылы облыс бойынша бір компьютерге оқушы қатынасы – 10,9 (мұғалімдердің компьютерлерін есептемегенде), ал ауыл мектептерінде 10,6.

1 компьютерге келетін оқушы саны жағынан Ақсу (4,6), Кербұлақ (5,3), Балқаш (6,6) аудандары жақсы көрсеткіштерге ие. Ал Еңбекшіқазақ (16), Іле (13,7), Қарасай (13,4), Талғар (14,3) аудандарында компьютерлік техникамен жабдықтау өте төмен. Бұл аталған аудандардағы оқушылар санының жылдан жылға артуына байланысты болып отыр.

Дегенмен көптеген аудандарда 1 компьютерге келетін оқушы санының жоғары болу себебі – ескі техника санының басымдығы.

           Облыстық семинарлар, тексерулер, орындалған қызметтер

Облыстың 656 білім беру мекемесі «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылды. Осыған байланысты Орталық қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты мамандары мен мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін семинарлар өткізіп, консультациялық кеңестер беріп отырды. Сонымен қатар, «Күнделік» электрондық жүйесіне қосылған білім беру ұйымдарының мониторингі апта сайын жасалып, аудандық білім бөлімдеріне облыс бойынша статистика жіберілді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыста білім беруді цифрландыру іс-шараларының типтік жоспары құрылып, ҚР Білім және ғылым вице-министрімен (Р. А.Биғари), «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (Е. К. Есмамбетов ) және облыс әкімінің орынбасарымен (А.Ж.Әбдуалиев) келісіліп бекітілді.

Бүгінде цифрлы білім беруді енгізу бағытында облыста жоба жүзеге асырылды. Олар:

-балабақшаларға өтініш беру және кезекке тұруды автоматтандыру жүйесін ендіру (облыс әкімдігі жанындағы Ақпараттық технологиялар орталығы);

-электронды журналдар мен күнделіктер жүйесін енгізу;

-мектептерді кең жолақты Интернет желісіне қосу;

-компьютерлік және мультимедиялық техникамен жабдықтау;

- мектептерді Wі-fi желісімен жабдықтау;

-«Smart колледж» жүйесін енгізу;

2018 жыл бойы цифрландыру бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ.Жұмағалиевтың төралығымен өткізілген кеңеске орталық директоры А.Б.Шарипова қатысты, апта сайын аталған жобалар бойынша мониторингтеу жүргізіліп, облыс әкіміне ақпарат дайындалып отырды. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігіне апта сайын есеп берілді. Жол картадағы жобалардың орындалу іс-шаралары бойынша құжаттар, ақпараттар аудандардан жиналынып, жобалау басқармасының ақпараттық жүйесінде (http://project.gov.kz) енгізіліп отырылды.

2018 жылға интернет жылдамдығын көтеруге 476 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнде 4-10 Мбит/с жоғары жылдамдықты интернет желісін 424 (56%) мектеп қолданады, спутник арқылы 328 мектеп қосылған, ол 43%-ды құрайды. Қала және аудан орталықтарында орналасқан 133 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке 100% қосылды. Интернет жылдамдығын көтеруге жергілікті бюджеттен 96 млн.теңге бөлініп, 2018 жылы 65 мектепке талшықты-оптикалық кабель жүргізілді.

2018 жылға мультимедиялық құрылғыларға 465 млн. теңге бөлініп, 187 мектепті 937 жинақпен (экран, проектор, компьютер) қамтамасыз ету жоспарланды. Пән кабинеттерінің компьютерлермен жабдықталуы 57%-ға жетті. Облыс бойынша 2018 жылы 214 мектепке 925 жинақ сатып алынды. (2017 жылы мультимедиялық құрылғылармен қамтамасыз етуге 823 млн. теңге бөлініп, 512 мектепке 1959 жинақ алынды).

Бүгінгі күні 19755 арнайы пәндік кабинеттер бар, олар 11196 компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, бұл 57% құрайды.

Wi-Fi роутерлермен жабдықтауға жергілікті бюджеттен 299,7 млн. теңге бөлініп, облыстың жалпы 312 мектебі (41%) қамтамасыз етілді.

2018 жылға сандық білім беру контентіне қосуға 147 млн. теңге қаражат бөлініп, 665 мектеп онлайн режимде, 72 мектеп офлайн режимде қосылды.

Білім мекемелерінде цифрлық технологияларды енгізудің тағы бір мүмкіндігі – ІТ сыныптар мен ІТ орталықтар ашу. Осы оқу жылында Талдықорған қаласында бой көтерген 1200 орындық екі мектептің біреуі ІТ мектеп-лицей болып ашылды.

Талдықорған қаласындағы агротехникалық және политехникалық колледждерінде ІТ мамандарды дайындайтын 2 ІТ орталық ашылды.

2018 жылы ІТ-сыныптар ашуға жергілікті бюджеттен 152,2 млн. теңге қаражат бөлініп, аудан бойынша мектептердің тізімі анықталынып, облыс бойынша 15 IT сынып алынды. Жалпы облыста 22 ІТ-сыныптар ашылды. 2019 жылға 100 ІТ сынып ашуға қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалып, 50 ІТ-сыныпқа қаражат бөлу қолдау тапты. Алынған ІТ-сыныптар бойынша техникалық талаптар әзірленіп, ұсыныс ретінде аудандарға жіберілді.

2018 жылы облыстағы мектептерді сапалы сандық білім беру контентіне қосуға, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және мектептердегі Интернет желісінің жылдамдығын көтеруге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді. Осыған орай, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің есепшілері мен ақпараттандыруға жауапты мамандар үшін семинарлар ұйымдастырылды. Сатып алынған мультимедиалық құрылғылар және мектептердің Интернет жылдамдықтарының көтерілуі туралы ақпаратты ай сайын жинап, талдау жасалынды. Сонымен қатар, Wi-Fi роутерлермен жабдықтауға, талшықты-оптикалық байланыс желісіне бөлінген қаражаттың игерілуі, мектептердің жабдықталуы қадағаланды.

Білім басқармасының ұйымдастыруымен ай сайынғы директорлардың аттестацциялануы орталық базасында өткізіліп отырды. Орталық қызметкерлері техникалық қолдау көрсетті. Бейнежазбаға түсіріліп, монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Білім басқармасы тарапынан өткізілетін алқа мәжілістеріне ҰББҚД деректер қорын толтыру бойынша мониторинг жүргізіп, ақпарат беріліп отырды.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының сараптамалық кеңесінің құрамы жыл бойы білім беру мекемелеріне бюджеттік бағдарлама есебінен ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу үшін сараптамалық кеңес қорытындыларын әзірледі.

«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №628 бұйрығы (Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №12548 болып тіркелген) негізінде Орталық қызметкерлері білім беру ұйымдарындағы компьютерлік техниканы жаңартуға, Интернет қызметтеріне, басқа да ақпараттандыруға байланысты қызметтерді қосуға қажетті қаражат мөлшерін анықтап, есептеулер жүргізді.

Орталық қызметкерлері білім басқармасына ақпараттандыру бойынша келіп түскен хаттарға жауап жазып, облыс әкімдігіне білім беру жүйесін ақпараттандыру бойынша мәлімет беріп, келіп түскен түрлі тапсырмаларды орындады (презентация құру, бейнежазбалар өңдеу, баннер, буклет, брошюра әзірлеу және баспадан шығару).

Сонымен қатар, жыл бойы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген семинарлар мен барлық іс-шаралары орталық қызметкерлерімен техникалық сүйемелденді.

Қаңтар айында

(5-6-сы күндері) Орталықтың базасында «Информатика» пәнінен мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасы өткізілді. Қатысушылар саны – 63. Орталық қызметкерлері іс-шараның өткізілуін ұйымдастырып, техникалық қолдау көрсетті.

(4 қаңтар күні) Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, орталық директорының орынбасары Г.Т.Керімбаева Балқаш ауданы мектептерінің ҰБТ дайындығын зерделеп қайтты.

(8 күні) Орталық директоры А.Б.Шарипова «SmartCity» жобасын іске асыру мақсатында өткізілген селекторлық жиналысқа қатысып, жүйеленген мобилдік нұсқа құрылу керек екенін ұсынып, Л.Тұрлашовтың көмекшісіне мобилдік нұсқасы туралы мәлімет берді.

(25-26 күндері) Алматы облысыны білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық семинар «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты» тақырыбына байланысты орталық директоры А.Шарипова баяндама оқыды, техникалық сүйемелденіп, компьютерлік сынып, техникалар дайындалды.

Ақпан айында

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-і мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арасында «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға үйрету бойынша ынтымақтастық және өзара іс-әрекеттесу жөнінде меморандумға қол қойылды. Осыған орай, білім басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін информатика пәнінің мұғалімдерін «Электрондық үкімет» порталы мен жұмыс жасауды қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың ақпан, наурыз айларына 1147 информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары жоспарланып, кестесі құрылды. Ақпараттық технологиялар орталығы базасында ақпан айының 12-15 күндері аралығында Ескелді, Көксу аудандарының және Текелі, Талдықорған қалаларының мұғалімдеріне «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қызметшілерімен семинар ұйымдастырылды. Семинардан 126 мұғалім өтті.

2018 жылдың ақпан, наурыз айларында облыс бойынша халықаралық «Timss, Pisa және ICILS зерттеулеріне» байланысты өткен семинарға Білім беруді техникалық қамсыздандыру бөлімінің инженер технигі Н.Нүкенов барып қатысты. Сонымен қатар, орталық қызметкерлері Қаратал,Көксу, Ескелді, Ақсу аудандарының және Талдықорған қаласының мектептерін халықаралық деңгейде өтетін Pisa және ICILS тесттерінің өту дайындығын тексерді.

12-15 ақпан аралығында орталықтың базасында өткен «Жаңашыл мұғалім» атты сырттай байқауының қорытындысы шығарылып, нәтижесі сайтқа жарияланды.

19-28 ақпан аралығында Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының базасында «Саналы азамат» жобасын іске асыру аясында өткізілген облыстық «Менің мектебім» байқауы өтті. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 7-11-сынып оқушылары қатысты. Байқаудың қорытындысы www.aocit.kz сайтына ілініп, диплом үлгілері дайындалды.

2018 жылдың 21 ақпанында Алматы облысының әкімі А.Баталов әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және де басқа салаларға байланысты тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Осыған орай, Алматы облысының білім басқармасының тапсырмасы бойынша, стенд материалдары жинақталып, дизайны әзірленді, баспадан шығарылды.

Наурыз айында

2018 жылдың 16 наурызда Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Омардың қатысуымен облыстық кезекті алқа отырысына білім басқармасының тапсырмасы бойынша, бөлім қызметкерлері презентация әзірлеп, стенд материалдарын жинақтап, баспадан шығарды. Ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері Талдықорған политехникалық колледжінің техникаларын дайындап, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді. Орталық директоры пленарлық отырыста «Алматы облысы бойынша білім беру мекемелерін цифрландыру мақсатында 2017 жылы бөлінген нысаналы трансферттерге байланысты сатып алынған мультимедиялық құрылғылардың, кеңжолақты Интернетке қосылған білім беру ұйымдарының жағдайын зерделеу» туралы баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың 16 наурызы «Күнделік» электрондық жүйесі бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, облыстық білім беру мекемелерінің әдіскерлеріне, информатика пәні мұғалімдеріне және Талдықорған қаласының информатика пәні мұғалімдеріне жүйені толтыру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарға 82 маман қатысты.

Ағымда жылдың 19 наурызында ЖМУ-де «Проблемы и перспективы цифровизации в РК» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге орталық директорының орынбасары қатысып, «Білім беру жүйесіндегі цифрландыру» тақырыбында баяндама оқыды.

Барлық аудандық,қалалық білім бөлімдеріне 2017 жылы бөлінген нысаналы трансферттерге байланысты №42-42/657 хаты жолданып, ақпарат жинақталды.

19-30 наурыз аралығында облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауын ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы www.aocit.kz сайтына ілініп, диплом үлгілері дайындалды.

Білім басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін информатика пәнінің мұғалімдерін «Электрондық үкімет» порталы мен жұмыс жасауды қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың ақпан, наурыз айларына 1147 информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары жоспарланып, кестесі құрылды. Ақпараттық технологиялар орталығы базасында наурыз айының 27-28 күндері аралығында 15 аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мұғалімдеріне «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қызметшілерімен семинар ұйымдастырылды. Семинардан 922 мұғалім өтті.

Алматы облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Жастарға қызмет көрсету орталығында 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына Жолдауын орындау мақсатында Цифрландыру тақырыбы бойынша облыстық жобалардың презентациясы өтті. Аталған іс-шараға баяндама, презентация әзірленіп, техникалық қолдау көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 26-28 наурыз аралығында «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын білім мекемелерінде жүзеге асыру бойынша Астана қаласында ҚР БҒМ ұйымдастыруымен семинар-кеңес өткізілді. Аталған шараға орталық директоры А.Б.Шарипова қатысты. Осыған орай, облыс бойынша цифрландыруға байланысты презентация әзірленді.

19-30 наурыз аралығында «Кітап-білім бұлағы» жобасын іске асыру аясында облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы www.aocit.kz сайтына ілінді.

2018 жылдың сәуір айында орталықтың «Электрондық оқыту жүйесін енгізу және білім сапасын бағалау» бөлімімен мұғалімдер арасында «Жылдың үздік жаңашыл мұғалімі» атты облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Маусым айында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында өткен «Жас түлек-2018» салтанатына келген Алматы облысы бойынша білім, ғылым, шығармашылық және спорттық салалардағы жарыстарда жүлдегер атанған 200 үздік түлекке құрмет көрсетіп жас дарындарды марапаттады. Осыған орай 12-14 күндері «Жастар» саябағындағы Led экранға шығатын түрлі футаж, видео, презентациялары жасалып, техникалық қызмет көрсетілді. Өткізілген іс-шараны білім басқармасының сайтына, Facebook ресми парақшасына және ВК әлеуметтік желісіне жарияланды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 88 тармағына сәйкес «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау» іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін көтеруге бағытталған оқу курстары облыс әкімі аппаратының «АТО»-мен өткізілді. Осыған орай, маусым-тамыз айларына оқыту курсының кестесі әзірленіп, аудандарға жіберілді. Оқыту курсынан 3438 мұғалім, 6683 ата-ана және 433 оқушы оқытылды. Оқу бағдарламасына компьютерді қолданудың базалық принциптері мәселелері, сондай-ақ ЭЦҚ алу және «Электронды үкімет» пен «Ашық үкімет» порталдарымен жұмыс істеу машықтары енгізілді.

Шілде айында арнайы «Күнделік» ЖШС-ң маманы шақырылып, Талғар, Райымбек, Кеген, Балқаш, Ұйғыр, Алакөл, Сарқан аудандарына, қыркүйек-желтоқсан айлары арасында Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарының жауапты мамандары мен мұғалімдеріне семинарлар өткізілді.

Тамыз айының 13 жұлдызы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты облыстық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы Оқушылар сарайындағы ITсыныпта өткізілді. IT технологиялардың көмегімен білім беру деңгейінің сапасын көтеру жолдары мен әдістерін, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында құрылған Білім берудегі цифрландыру іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың орындалуын талқылау мақсатында өткізілген облыстық тамыз кеңесінің 12 алаң жұмысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 10 әдіскер және 14 информатика пәні мұғалімдері, 15 IT сыныпқа жауапты мамандар және 5 орталықтың қызметкерлері қатысты. Пленарлық отырысқа Алматы облысының «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұловна («Цифрлы Қазақстан жобасы аясында IT сыныптарды құру»), Астана қаласының STEM Academy ғылыми зерттеу және дамыту бөлімінің директоры Кистаубаев Мағжан («IT-технологияларды енгізу арқылы білім беру мекемелерін жаңғырту»), «Күнделік» компаниясының бас директоры Ілиясов Мұхтар Мақсұтұлы («Основные проблемы ведения журнала «Күнделік» и методы их решения») шақырылып, әзірлеген баяндамалары тыңдалынды.

22 тамыз күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты облыстық тамыз кеңесі көрме орталығында өтті. Осыған орай орталыққа көрме орталығының безендірілуі мен техникалары, техникалық сүйемелденуі тапсырылды. Білім берудегі цифрландыру саласы бойынша көрме көрсетілуіне орай, шақырылатын қонақтар, олардың орналасуы да орталыққа жүктелді. Өткізілген іс-шараларға ат салысып, презентация, бейнеролик жасап, техникалық көмек көрсетіп, стенд, пилларс, бағдарлама дизайндарын әзірленді. Цифрландыру бойынша Республикадағы компаниялар шақырылды. Тамыз кеңесінде оқылатын білім басқармасының басшысы Д.Жүнісовтың баяндамасының презентациясы дайындалды.

2018 жылдың 11 қыркүйек 10 қазан аралығында «Ұлттық білім беру деректер қоры» кіші жүйесін деректермен жинақтап, аудандармен толтыру жұмыстары жүргізілді. Орталық қызметкерлеріне нақты аудандар бекітіліп, ҰББДҚ-на жауапты мамандарына әдістемелік көмек көрсетілді.

2 қазан күні ҚР Премьер министрі Б.Сағынтаевтың Алматы облысына жұмыс сапарымен келуіне орай, білім берудегі цифрландыру бойынша ақпарат, презентация дайындалынды. №28 мектеп-лицейде көрме ұйымдастырылды.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының базасында 2018 жылдың 27 қараша күні аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты мамандарына арналған «Код сағаты 2018» атты семинар өткізілді. «Жаһандық компьютерлік аптасы» аясындағы халықаралық «Қазақстандағы код сағаты» атты акциясына білім беру мекемелерінің барлық 3-11 сынып оқушыларына тақырыптық сабақ өткізулерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті ұсынды. Осыған орай, аудандарға хат жіберіліп, мектептерде өткізіген Код сағатының жалпы қорытындысы жинақталды.

Қараша-желтоқсан айларында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына «Балабақшаларға өтініш беру және кезекке тұруды автоматтандыру жүйесі» бойынша оқыту семинары орталық базасында өткізілді.

Қараша айының 17-сі күні өткен президенттік олимпиадаға техникалық қолдау көрсетілді.

Желтоқсан айында

Жастар» спорт сарайында өткен «Президенттік шырша» мерекесіне техникалық қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың келуіне орай, білім саласындағы цифрландыру жобалары бойынша бейнеролик әзірленді.

Ақпараттандыру саласы бойынша 2019 жылға, яғни компьютерлік техникаға, Wi-Fi желісіне, жаңа модификациялық кабинеттерге, пән кабинеттерінің комьютерлік техникаларына, IT сыныпқа, цифрландыру жобаларына бюджеттік өтінімдер әзірленіп, қаражат мөлшері есептелінді.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының www.aocit.kz ресми сайтын Орталық қызметкерлері жыл бойы ақпаратпен толықтырып, жаңартып техникалық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Осы салада заман ағымына байланысты туындаған жаңалықтарды игеру мақсатында сайттың безендірілу жұмыстары жаңартылды. Сонымен қатар, Алматы облысының білім басқармасының ресми сайтының (http://almaobledu-gov.kz/) жыл бойы әкімшілік жұмыстары жүргізіліп, жаңалықтар, баннерлер және батырмалар қосылды. Бейнероликтер, презентацияларды және басқа да құжаттарды жүктеуге арналған сілтемелер сайтқа орналастырылып, техникалық қолдау көрсетіліп отырды. Орталық «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурсын (http://tylek-zhetysu.kz) құрған болатын. Сайтқа аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарында өтіп жатқан іс-шаралар туралы жаңалықтар, мұғалімдердің үздік сабақ жоспарлары, сондай-ақ пайдалы ақпараттар жарияланып отырды. «Facebook», «Bkонтакте», «Twitter» әлеуметтік желілеріне Алматы облысы білім басқармасының, Орталықтың жыл бойы өткізілген іс-шаралар, жаңалықтар легі дайындалып, жарияланып отырды.

«Күнделік» бірыңғай ақпараттық  жүйесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 29 тамызындағы №536 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарында «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданылады.

Аталған жүйе қағаз журналдар мен күнделіктерден бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл қосарлы жұмысты тоқтатып, есептілікті едәуір қысқартады.

Алматы облысы бойынша жүйеге 2016 жылы 189 білім беру ұйымы қосылса, ал 2017 жылы білім беру ұйымдарының саны 417 мекемені құрады. 2018 жылы 656 мектеп қосылып, облыс бойынша 86% құрады.

Жыл бойы «Күнделік» электронды оқыту жүйесін пайдалану бойынша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетілді.

«Ұлттық білім беру деректер қоры»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰББДҚ) атты ішкі жүйе құрылған. Жүйеге 2066 білім беру мекемелері қосылған. Соның ішінде 776 жалпы білім беру мекемелері(жеке меншік мектептермен бірге), 12 мамандандырылған, 29 арнаулы, 100 қосымша білім беру мекемелері, 11 ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар ұйымы (жанұялық типтегі балалар үйі), 1064 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар), 74 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қосылған.

Наурыз айында ҰББДҚ қайта ашылып, барлық білім беру ұйымдары базаға енгізген мәліметтерне өзгерістер енгізді.

Қыркүйек айында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшысы және Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері бірлесіп .

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының мамандары күн сайын ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп, жүйе жұмысына сараптама жасап, аудандық (қалалық) білім бөлімдерін хабардар етіп отырды.

Ұлттық білім беру деректер қорында электрондық-цифрлық қолтаңба орнатуда барлық білім беру ұйымдарына орталықтың білім берудегі ақпараттандырутехникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері үнемі консультациялық кеңес беріп отырды.

Цифрлық білім беру ресурстары

«Bilim media group» компаниясының «iMektep» анимациялық фильмдері - дыбыстау-бейнелеу туындысы, «iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешені, «BilimLand білім беру платформасы» электронды ресурстарына 2018 жылы облыстың 737 мектебі қосылды. Олардың 665 мектебі онлайн, ал 72-сі оффлайн режимінде жұмыс істеді. Онлайн режимінде қосылған мектептерге мұғалімдердің санына қарай және 11-сынып оқушыларына арнайы логин және құпиясөздер берілді. Алматы облысының ресурстық орталығы және Ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Алматы облысының мұғалімдеріне арналған "iMektep", "iTest", "BilimLand білім беру платформасы" оқыту порталдары бойынша жыл бойы семинар-тренингтер өткізілді. Семинар-тренингтен өткен мұғалім саны - 3185.

Облыстық интерактивті сабақтар туралы мәлімет

2018-2019 оқу жылының I жарты жылдығында өткізілген облыстық онлайн сабақтардың есебі

Алматы облысы бойынша 2018-2019 оқу жылы онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысатын білім беру ұйымдарының саны 258. Оның 245-і орта мектеп, 10-і облыстық мекемелер және 3-і колледж.

Облыс бойынша онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысуға мүмкіндігі бар білім беру ұйымдарының саны

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 22 және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан облыстық интерактивті сабақ өткізу жоспарланып, білім басқармасымен бекітілді. 22 сабақтың 14 сабағы жаратылыстану- математикалық бағыт, ал 8 сабағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жинақталды.

Осы кестеге сәйкес облыс мұғалімдері оқу жылы ағымында әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15.00-де www.elp.kz порталының «Almatinskaya oblast» бөлмесінде ашық сабақтарын өткізді.

 

Облыс бойынша 2018-2019 оқу жылының I жарты жылдығында өткізілген облыстық интерактивті сабақтар саны

Аудан (қала)

Сабақ саны

Пәні

1

Ақсу

2

Ағылшын тілі

Химия

2

Алакөл

1

Бастауыш сынып (математика)

3

Балқаш

1

Биология

4

Еңбекшіқазақ

2

Математика

Математика

5

Ескелді

1

География

6

Жамбыл

1

Орыс тілі

7

Іле

1

Физика

8

Қаратал

0

 

9

Қарасай

1

Информатика

10

Кербұлақ

1

Тарих

11

Көксу

1

Орыс әдебиеті

12

Панфилов

0

 

13

Райымбек

0

 

14

Сарқан

2

 

Биология

Тарих

15

Талғар

0

 

16

Ұйғыр

1

География

17

Қапшағай

0

 

18

Текелі

0

 

19

Талдықорған

1

Қазақ әдебиеті

20

Колледж

3

Психология

Арнайы пән

Анатомия

21

Облыстық мекемелер

3

Физика

Орыс тілі

Химия

22

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

2

 

 

Жалпы саны

24

 

 

2018-2019 оқу жылының I жарты жылдығында өткізілген облыстық онлайн семинарлар

04.12.2018 ж. - Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Биология пәнін оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Оқу жылында өткізу жоспарланған 24 сабақтың (ТЖД- 2 сабақ) 23 сабағы өз уақытында, талапқа сай өткізілді.

Өткізілген сабақтарға мектептердің қатысуы қадағаланып, мониторинг жасалып, орталықтың сайтына жарияланды.

2017-2018 оқу жылының  II  жарты жылдығында өткізілген облыстық онлайн сабақтардың есебі

Алматы облысы бойынша 2017-2018 оқу жылы онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысатын білім беру ұйымдарының саны 245. Оның 234-і орта мектеп, 8-і облыстық мекемелер және 3-і колледж.

 

Облыс бойынша онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысуға мүмкіндігі бар  білім беру ұйымдарының саны

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 23 және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан облыстық интерактивті сабақ өткізу жоспарланып, білім басқармасымен бекітілді. 23 сабақтың 11 сабағы жаратылыстану- математикалық бағыт, ал 12 сабағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жинақталды.

Осы кестеге сәйкес облыс мұғалімдері оқу жылы ағымында әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15.00-де www.elp.kz порталының «Almatinskaya oblast» бөлмесінде ашық сабақтарын өткізді.

Облыс бойынша 2017-2018 оқу жылының II жарты жылдығында өткізілген облыстық интерактивті сабақтар саны

Аудан (қала)

Сабақ саны

Пәні

1

Ақсу

1

Тарих

2

Алакөл

1

Қазақ әдебиеті

3

Балқаш

1

Химия

4

Еңбекшіқазақ

0

 

5

Ескелді

1

География

6

Жамбыл

1

Жаратылыстану пәні (бастауыш сынып)

7

Іле

1

Биология

8

Қаратал

1

Орыс әдебиеті

9

Қарасай

1

Қазақ тілі (бастауыш сынып)

10

Кербұлақ

0

 

11

Көксу

2

Қазақ әдебиеті

Әдебиеттік оқу

12

Панфилов

1

Математика

13

Райымбек

0

 

14

Сарқан

2

 

Математика  (бастауыш сынып)

Физика

15

Талғар

1

Қазақ тілі

16

Ұйғыр

1

Ағылшын тілі

17

Қапшағай

0

 

18

Текелі

1

Ағылшын тілі

19

Талдықорған

1

Информатика

20

Колледж

1

Педагогика

21

Облыстық мекемелер

5

Информатика

Қазақ әдебиеті

Физика

География

Қазақ әдебиеті

22

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

3

 

 

Жалпы саны

26

 

 

2017-2018 оқу жылының II жарты жылдығында өткізілген облыстық онлайн семинарлар

26.01.2018 ж.- Алматы облысының білім басқармасы және Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жаппай облыстық бірыңғай сағатын өткізді.

31.01.2018 ж.- Алматы облысының білім басқармасы «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

15.02.2018 ж.- Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Математика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

16.02.2018 ж.- Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

20.04.2018 ж.- Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындау сапасын көтеру жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

27.04.2018 ж.- Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Химия, биология пәндерінен қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары » тақырыбында онлайн семинар өткізді.

2017-2018 оқу жылы өткізілген республикалық онлайн семинарлар

28.02.2018 ж.- Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясы Республикалық семинар өткізді.

14.03.2018 ж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Балалардың жасына сәйкес біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша аралық бақылаудың нәтижелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Оқу жылында өткізу жоспарланған 26 сабақтың (ТЖД- 3 сабақ) 20 сабағы өз уақытында, талапқа сай өткізілді. Өткізілген сабақтарға мектептердің қатысуы қадағаланып, мониторинг жасалып, орталықтың сайтына жарияланды.

 

Орталық директоры                                А.Шарипова

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.