Общая

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2015 жылы атқарылған жұмыстарының ЕСЕБІ

Категория: Общая
Дата: 26.01.2017
Просмотры: 2794 Печать страницы

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2015 жылы атқарған жұмыстары

Алматы облысы бойынша ақпараттандыру жай-күйі

Алматы облысында күндізгі жалпы білім беретін 737 мектеп бар, ондағы оқушылар саны – 331430. Облыстың білім беру мекемелері 38976 компьютерлік техникамен жабдықталған. 2015 жылы облыс бойынша бір компьютерге оқушы қатынасы – 11,1, ал ауыл мектептерінде 11,4.

1 компьютерге келетін оқушы саны жағынан Ақсу (5,3), Көксу (6), Қаратал (6,1), Ескелді (7,2) аудандары жақсы көрсеткіштерге ие. Ал Қарасай (16,3), Іле (15,7), Панфилов (14,1), Еңбекшіқазақ (13,4) аудандарында компьютерлік техникамен жабдықтау өте төмен. Бұл аталған аудандардағы оқушылар санының жылдан жылға артуымен сипатталады.

Дегенмен, көптеген аудандарда 1 компьютерге келетін оқушы санының жоғары болу себебі - ескі техника санының басымдығы. Көптеген мектептерде 90-жылдардағы компьютерлер осы күнге дейін баланстан шығарылмай, есепке алынып отырғаны белгілі.

Облыстың 140 білім беру ұйымы 2012-2013 жылдары электрондық оқыту жүйесіне қосылған болатын.

 

Облыстық семинарлар, тексерулер, орындалған қызметтер

Орталық қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында «Ұлттық білім беру деректер қоры» атты ішкі жүйе құрылғанына байланысты аудандық білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты мамандары мен мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арнап семинарлар өткізіп, консультациялық кеңестер беріп отырды. Білім басқармасы тарапынан өткізілетін алқа мәжілістеріне деректер қорын толтыру бойынша мониторинг жүргізіп, ақпарат беріп отырды.

Жыл бойы Орталық қызметкерлері электрондық оқыту жүйесіне, білім беру ұйымдарындағы компьютерлік техниканы жаңартуға, Интернет қызметтеріне, басқа да ақпараттандыруға байланысты қызметтерді қосуға қажетті қаражат мөлшерін анықтап, есептеулер жүргізіп отырады.

Білім басқармасына ақпараттандыру бойынша келіп түскен хаттарға жауап жазып, әкімдікке білім беру жүйесінің ақпараттандыруы бойынша мәлімет беріп отырады.

Қаңтар айының 9-10 күндері Орталықта облыстық «Информатика» пәнінен олимпиада өткізілді. Қатысушылар саны – 60. Орталық қызметкерлері іс-шараның өткізілуін ұйымдастырып, техникалық қолдау көрсетті.

2015 жылдың 27 қаңтарында балабақша әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Ақпан айының 2-4 күндері Орталық директоры Адамбекова А.М. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім мазмұнын жаңарту мақсатында «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізілуіне байланысты аталған Бұйрық жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болып, отырысқа қатысты.

Ақпан айында облыс әкімінің есебіне білім басқармасының мәліметтерін жинақтап, стенд дайындалды.

Орталық қызметкерлері Саманова С., Касенова А., Садри Э. 2015 жылдың 4-7 мамыр аралығында Өскемен қаласында өткен информатика мұғалімдерінің «IT білім - білім эволюциясы» ІІІ өңіраралық форумына қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.

Маусым айынан бастап Премьер-Министрінің Орынбасары Б.М.Сапарбаевтың, Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіповтің тапсырмасы аясында, сонымен қатар «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында Алматы облысы білім беру ұйымдарының ақпараттық веб-ресурсы құрылды.

Сайтты құрудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында өткізіліп жатқан іс-шараларды баяндау, мектеп түлектері мен олардың жетістіктері туралы ақпараттар алып отыру, сондай-ақ оларды өздері оқыған мектептерінің (колледждерінің) өміріне, тыныс-тіршілігіне қатысты іс-шараларға тарту.

Сайт келесі модульдерден тұрады: оқиғалар, танымал жерлестер, біздің мақтаныштарымыз, меценаттар, блогтар және профориентация (кәсіптік бағдар). Бөлімдер әрдайым ақпараттармен толықтырылып отыр.

Сайттың барлық бөлімдері ақпараттармен толтырылды. Аудандық (қалалық) білім бөлімдері сайттың Оқиғалар модуліне қажетті ақпараттарды екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) өздері жариялап отырады. Осыған орай, білім бөлімдеріне жеке Логин және құпия сөз белгіленеді және ақпарат жариялауға жауапты маман тағайындалды.

Сайтқа аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарында өтіп жатқан іс-шаралар туралы жаңалықтар, мұғалімдердің үздік сабақ жоспарлары, сондай-ақ пайдалы ақпараттар жарияланып отырады.

Маусым айында облысқа жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Б.М.Сапарбаевтың келуіне білім басқармасының стенды, басқарма басшысы баяндамасына презентация дайындалды.

Шілде айынан бастап облыстың 190 білім беру ұйымы «Bilim media group» компаниясының электронды ресурстарына қосылды. Орталық қызметкерлері аталған компанияға қажетті мәліметті жинақтап, оқыту семинарларын ұйымдастыруға жәрдемдесті.

2015 жылдың 23-24 қараша аралығында Іле ауданында «Bilim Media Group» компаниясының қызметкерлері өткізген семинарға электрондық оқыту жүйесін енгізу және білім сапасын бағалау бөлімінің қызметкерлері қатысып, №14 орта мектебінде ҰБТ-ға дайындайтын Itest виртуалды жаттығу алаңын қолданып, 11 сынып оқушыларына тест өткізді. Тестілеуге 10 оқушы қатысып, тест соңында оқушылар өз нәтижелерін алды және жіберген қателіктермен жұмыс жасады.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялық және құзыреттілік тәсілдеме – табысты мектепке қадам» тақырыбында 18 тамызда өткен облыстық педагогтардың тамыз кеңесінің ұйымдастыру іс-шараларына қатысып, техникалық сүйемелдеу жүргізді. Білім басқармасы бөлімдерінен ақпарат жинақтап, «Алматы облысының білім беру жүйесі» кітапшасын дайындады.

2015 жылдың 9-10 қыркүйек күндері Орталықта аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және колледждердің мамандарына арналған «Ұлттық білім беру деректер қоры» толтыру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинар «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының аға эксперті Узакова Ж. басқаруымен өтті.

2015 жылдың 19 қазанында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті «Arta Synergy» әлеуметтік-бағытталған платформасын программалық қамтамасыз етуді тиімді қолдану үшін, сонымен қатар тәжірибелі пайдалануды өткізу үшін «Оқу құралы және оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге рұқсат алуды ұйымдастыру» және «Апатты жағдайдағы және күрделі жөндеуді қажет ететін жалпы орта білім беретін ұйымдарды есепке алу бойынша қызмет көрсетуге рұқсат етуді ұйымдастыру» қызмет көрсету жұмысы бойынша семинарына Саманова С. және Амралинов Д. қатысып қайтты.

2015 жылдың 30 қазанында Орталық директорының орынбасары Саманова С. Астана қаласында білім беру саласындағы ұлттық статистикалық көрсеткіштер жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі мәселесіне байланысты өткізілген семинарға қатысты.

Облыстың 604 мектебінде интерактивті тақталар, 1139 әмбебап, 374 мультимедиалық кабинеттер және жаңа модификациялы пәндік кабинеттер, 331 физика кабинеті, 295 биология кабинеті, 320 химия кабинеті жасақталды.

Аталған материалдық-техникалық базаның болуы, мектептерге оқу-тәрбиелеу үдерісінде білім сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Осы орайда Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының мамандары мұғалімдерге «Пифагор» бағдарламасын оқу процесінде қолдану жөнінде трениг-семинарлар өткізді.

Орталық мамандары 2015 жылы «Білім беру үрдісінде интерактивті құрылғыларды қолдану әдістемесі» оқыту курсынан мектеп мұғаліміне, сондай-ақ балабақшаларының тәрбиешілеріне трениг-семинарлар өткізді.

2015 жылдың 6-30 сәуір аралығында жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушылары арасында «Үздік бейнеролик» облыстық сырттай байқауы өткізілді. Байқауға облыс бойынша 54 оқушы қатысты. 4 оқушы І орын, 4 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын иеленіп, 3 оқушы номинациялармен марапатталды.

2015 жылдың 15 қарашасында Президенттік олимпиада өткізілді. Орталық қызметкерлері іс-шараға техникалық қолдау көрсетіп, 20 жұмыс орнын дайындап, ақаусыз өткізілуін қамтамасыз етті.

Орталық директоры Шарипова Аида Бөлегенқызы 17 қарашада облыстық «Алтын диск» байқауында әділқазы мүшесі болды. Байқау нәтижесінде айқындалған жеңімпазды Орталық қызметкерлері республикалық байқауға дайындалуға көмектесті. Портфолиосы түзетілді, видоефильмге монтаж жасалды. Сонымен қатар, республикалық кезеңде Орталықтың білім берудегі ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкері Оразханұлы Н. қатысушыға техникалық қолдау көрсетті.

2015 жылдың 27 қарашасында «Arta Synergy» әлеуметтік-бағытталған платформасын қолдану, онлайн сабақтарға қатысу және білім беру ұйымдарының электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасауы бойынша семинар өткізді. Семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ақпараттандыру бойынша мамандары қатысты.

2015 жылдың 7-9 желтоқсан күндері «Информатика» пәні бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі Орталықта өткізілді.

2015 жылдың 18-19 желтоқсаны аралығында білім берудегі ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері Амралинов Д., Жансерке Р. Балқаш ауданы білім бөлімінің сұранысы бойынша мектептеріндегі жаңа модификациялық кабинеттерге техникалық қызмет көрсетті.

Жыл бойы білім беру ұйымдары мұғалімдеріне "Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологизациялау" тақырыбында оқыту курстары өткізіліп отырды.

Облыстық баяндама білім саласының ахуалы мен оның дамуындағы тенденцияларға салыстырмалы аспектілерде ақпараттық-сараптамалық шолу болып табылады.

Жыл сайын электрондық оқыту жүйесін енгізу және білім сапасын бағалау бөлімінің қызметкерлері облыстық баяндама дайындайды. Биылғы жылы қажетті деректерді аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен жинақталды.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының www.aocnit.kz ресми сайтын Орталық қызметкерлері жыл бойы ақпаратпен толықтырып, жаңартып техникалық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Осы салада заман ағымына байланысты туындаған жаңалықтарды игеру мақсатында сайттын безендірілу жұмыстары жаңартылып отырады. Сонымен қатар, Алматы облысы білім басқармасының ресми сайтына бөлімдер қосып, мәліметтермен толықтырып, техникалық қолдау көрсетіп отырды. Білім беру ұйымдары «Ұлттық білім беру деректер қоры» және «E-LEARNING» электронды оқыту жүйесі бойынша толық ақпараттар алып отыруы үшін Орталық сайтына арнайы бөлімдер қосылып, ақпараттармен толықтырылды.

«E-learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу.

Алматы облысы бойынша 2012 жылы 67 білім беру ұйымы қосылды, оның 63-і жалпы білім беретін мектептер, 4-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары. Ал 2013 жылы 73 білім беру ұйымы, оның 71-і жалпы білім беретін мектептер, 2-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

2015 жылдың қаңтар айында республикалық бюджеттен қаржыландыру тоқтатылып, жергілікті бюджетке ауыстырылды. Ал, мамыр айында облыстық маслихат шешімі бойынша жергілікті бюджет есебінен кеңжолақты интернет желісіне 4 айға қаражат бөлінді.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ маманының қатысуымен электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жүргізу бойынша төмендегідей семинарлар өткізілді.

Өткізілген күні, орны

Қарастырылған сұрақтар

Қатысқандар

 

 

 

 

 

2015 жылдың 14 қазан күні сағат 10.00-де

Талдықорған қаласының №2 орта мектебінде

 

 

 

  • Келген, кеткен мұғалімдерді және оқушыларды түгендеу;
  • Келесі оқу жылына көшіру;
  • Мұғалімдердің, оқушылардың жеке іс-парағын қалыптастыру (реттеу);
  • Оқу кезеңдері бойынша сыныптарды бөлу;
  • Сағат санын бөлу;
  • Сабақ кестесін құру;
  • Сабақты бастау;
  • Сабақты ауыстыру және мұғалімдерді алмастыру;
  • Баға қою;
  • Е-кітапхананы пайдалану;
  • Порталға өзгерістер енгізу бойынша жүргізілетін жұмыс реті айтылды.

 

 

 

 

Талдықорған қаласының электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен IT мамандары және Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының мамандары

Галиева А.М., Чебурков Д.В.

Семинарға барлығы - 42 маман қатысты.

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 19 қазан күні сағат 10.00 – де

Сарқан қаласындағы №1 ОМГ

Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарының электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен IT мамандары және Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының мамандары

Галиева А.М., Чебурков Д.В, Джампейсов Н.Д

Семинарға барлығы - 33 маман қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 21 қазан күні сағат 14.00 – де

Жаркен қаласы, Ж.Жабаев атындағы орта мектебінде

 

 

 

 

 

 

  • Келесі оқу жылына көшіру;
  • Мұғалімдердің, оқушылардың жеке іс-парағын қалыптастыру (реттеу);
  • Оқу кезеңдері бойынша сыныптарды бөлу;
  • Сағат санын бөлу;
  • Сабақ кестесін құру;
  • Сабақты бастау;
  • Сабақты ауыстыру және мұғалімдерді алмастыру;
  • Баға қою;
  • Білім беру ұйымдарындағы техникалық жағдай;
  • Сервистік-техникалық қызмет көрсету;

 

 

 

Кербұлақ, Ұйғыр, Райымбек және Панфилов аудандарының электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен IT мамандары, Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының мамандары және Панфилов аудандық білім бөлімінің әдіскері Әлібаев Е.Ә.

Семинарға барлығы - 33 маман қатысты.

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 2 қараша күні сағат

10.00 – де және 14.00-де

Іле ауданы, №13 орта мектебінде

Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл және Іле аудандарының электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен IT мамандары, Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мамандары

Семинарға барлығы– 79 маман қатысты.

 

«E-learning» электрондық оқыту жүйесін пайдалану бойынша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетілді.

«Ұлттық білім беру деректер қоры»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰББДҚ) атты ішкі жүйе құрылған. Жүйеге 1703 білім беру мекемелері қосылған. Соның ішінде 740 жалпы білім беру мекемелері, 10 мамандандырылған, 29 арнаулы, 63 қосымша білім беру мекемелері, 20 ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар ұйымы (жанұялық типтегі балалар үйі), 771 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар), 70 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қосылған.

Қыркүйек айында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшысы және Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері бірлесіп .

Наурыз айында ҰББДҚ қайта ашылып барлық білім беру ұйымдары базаға енгізген мәліметтеріне өзгерістер енгізді. Барлық енгізілген өзгерістер «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ жауапты мамандарымен келісіліп, пысықталып отырды. ҰББДҚ – на өзгерістер енгізу кезінде күнделікті http://connect.e.edu.kz/ncoso1/ сілтемесі арқылы сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін онлайн кеңес беріліп отырды.

09.09.2015 жылы облыстық білім басқармасы мамандарына, мемлекеттік және жеке меншік кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына семинар өткізілді. Колледждерден ҰББДҚ – на жауапты тұлғалар қатысып, пікір алмасты.

10.09.2015 жылы Талдықорған қаласының білім бөлімі мамандарымен деректер қорын толтыруда кеткен қателіктермен жұмыс жасалды.

11.09.2015 жылы Ескелді ауданының білім бөлімі және Текелі қаласының білім бөлімі әдіскерлерімен ҰББДҚ-да жұмыс жүргізілді, яғни әр бөлімге тоқталып өтті.

12.09.2015 жылы Ақсу ауданы, Сарқан ауданы білім бөлімі мамандары семинарда көптеген сұрақтарына жауап алды және деректер қорына өзгерістер енгізуге біраз ұсыныстар айтты.

14.09.2015 жылы Алакөл ауданының білім бөлімі мамандарымен және білім бөлім басшысымен Конструктор реесторов арқылы барлық бөлімдермен жұмыс жүргізілді.

15.09.2015 жылы Көксу ауданы, Қаратал ауданы білім бөлімі мамандары және мектеп директорларына семинар өткізілді. Әр ауданның мамандарымен жеке-жеке отырып базада толықтай жұмыстар өткізілді.

16.09.2015 жылы Кербұлақ ауданы білім бөлімі мамандарына және білім бөлімі басшысымен Ұлттық білім беру деректер қорындағы өзгерістер туралы айтылды, жіберілген қателіктерді талқылады.

17.09.2015 жылы Балхаш ауданының Бәрібаев ат. ОМ базасында жалпы білім беретін мектептеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ҰББДҚ-на жауапты тұлғаларын жинап семинар өткізді. Оларға деректер қорын толтыру барысында жіберген қателіктерін көрсетіп, түзету жұмыстары жүргізілді.

18.09.2015 жылы Іле ауданының №13 М.Мақатаев ОМ базасында Қапшағай қаласының білім беру ұйымдары, түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектептерден жауапты тұлғалардың қатысуымен семинар өткізілді.

  1. Талғар ауданының №2 С.Сейфуллин ОМ базасында барлық білім беру ұйымдарына және қосымша білім беру ұйымдарының қатысуымен семинар өткізілді. Семинарда білім беру ұйымдарының қызметкерлері көптеген сұрақтарына жауап алды және деректер қорына өзгерістер енгізуге ұсыныстар айтты.

21.09.2015 жылы Райымбек ауданының білім бөлімі мамандары мен барлық білім беру ұйымдарының басшыларына семинар өткізілді. Семинарда ҰББДҚ-ғы көрсеткіштер бойынша және ЭЦҚ бойынша көптеген сұрақтар қойылды. «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшысы мен ақпараттық технологиялар орталығының мамандары барлық сұрақтарға толығымен жауап берді.

22.09.2015 жылы Панфилов ауданының Ж.Жабаев атындағы орта мектеп базасында Ұйғыр ауданының білім беру ұйымдарының қатысуымен семинар өтті. Семинарда деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша сұрақтарына жауап алып және де тәжірибе алмасып қайтты.

23.09.2015 жылы Қарасай, Жамбыл аудандарының білім бөлімі мамандарына, мектеп басшылары және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан жауапты мамандарға семинар өткізілді. Семинардаға қатысушалар тарапынан ҰББДҚ бойынша көптеген ұсыныстар қарастырылды. Базаны толтыру барысында жіберілген қателіктермен жұмыс жасалды.

25.09.2015 жылы Еңбекшіқазақ ауданының Абылайхан атындағы орта мектеп базасында білім бөлімі мамандары, жалпы білім беретін мектептер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына семинар ұйымдастырылды. Семинарда білім беру ұйымдарының қызметкерлері көптеген сұрақтарына жауап алды. Соңында білім бөлімі мамандарымен ҰББДҚ-да өздеріне қатысты сұрақтармен толыққанды жұмыстар атқарылды.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының мамандары күн сайын ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп, жүйе жұмысына сараптама жасап, аудандық (қалалық) білім бөлімдерін хабардар етіп отырды.

Ұлттық білім беру деректер қорында электрондық-цифрлық қолтаңба орнатуда барлық білім беру ұйымдарына орталықтың білім берудегі ақпараттандыру техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері үнемі консультациялық кеңес беріп отырды.

Барлық білім беру ұйымдарының ұлттық білім беру деректер қорын толтыру және ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) қою жұмыстары барысында жіберілген кемшіліктер ескерілмей растап қол қойылған. Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне ескертулер жасалып, жіберілген қателіктер бойынша жұмыстар атқарылды.

Облыстық интерактивті сабақтар туралы мәлімет

Алматы облысы бойынша 2007 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша интерактивті сабақтардың кестесі құрылып, білім басқармасымен бекітіледі. Осы кестеге сәйкес облыс мұғалімдері оқу жылы ағымында әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00-де www.elp.kz порталының «Almatinskaya oblast» бөлмесінде ашық сабақтарын өткізіп тұрады.

Алматы облысы бойынша 2014-2015 оқу жылында 215 білім беру ұйымының онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысуға мүмкіндіктері бар (214 мектеп және 1 колледж).

Облыс бойынша интерактивті сабақтарға қатысуға мүмкіндігі бар

білім беру ұйымдарының саны

Білім үрдісін ақпараттандыру бөлімі жоспарланған кестеге сәйкес өткізілетін сабақтарға облыс мектептерінің қатысуын ұйымдастырып, қадағалап мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг әр сабаққа, әр айға жасалады және жылдық есеп жазылады.

Облыс бойынша 2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 29 және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 5 облыстық интерактивті сабақ өткізу жоспарланып, сабақ кестесі құрылды.

Жоспарланған онлайн сабақтардың жалпы өтілу жағдайына тоқталатын болсақ, сабақтар кестеге сәйкес, өз уақытында, техникалық кедергісіз өтті.

29 сабақтың 14 сабағы «Жаратылыстану-математикалық» бағыты, ал 15 сабақ «Қоғамдық-гуманитарлық» бағыты бойынша жинақталды.

Аудандар бойынша 2014-2015 оқу жылында өткізілген сабақтар

Аудан

(қала)

Сабақ саны

Пәні

1

Ақсу

2

География

Биология

2

Алакөл

1

Информатика

3

Балқаш

1

Математика

4

Еңбекшіқазақ

2

Музыка

Орыс тілі

5

Ескелді

2

Тарих

Дүниетану (бастауыш)

6

Жамбыл

2

Матемаика

Химия

7

Иле

1

Қазақ тілі

8

Қаратал

1

Тарих

9

Қарасай

1

Математика

10

Кербұлақ

1

Орыс тілі

11

Көксу

1

Информатика

12

Панфилов

1

Қаза тілі

13

Райымбек

1

Қазақ тілі

14

Сарқан

1

Математика

15

Талғар

2

Биология

Орыс тілі (бастауыш)

16

Ұйғыр

2

Ағылшын тілі

Информатика

17

Қапшағай

1

Қазақ тілі

18

Текелі

 

2

Ағылшын тілі

Информатика

19

Талдықорған

2

Физика

Қазақ тілі

20

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі.

2

Педагогика

Ағылшын тілі

21

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті

5

 

 

 

34

 

 

2014-2015 оқу жылының І жарты жылдығына жоспарланған 17 сабақтың жалпы өтілу жағдайына тоқталатын болсақ, сабақтар өз уақытында ешқандай техникалық кедергісіз өтті.

Облыс мектептерінің I жарты жылдықта өткен сабақтарға қатысуы

Аудан/қала

Қатысу мүмкіндігі бар мектептер саны

Қыркүйек

Сабақ саны- 4

Қазан

Сабақ саны- 6

Қараша

Сабақ саны- 3

Желтоқсан

Сабақ саны- 4

I жарты жылдықта қатысқан мектептер саны

1

Ақсу

6

6

3

3

4

6

2

Алакөл

11

2

6

2

3

7

3

Балқаш

4

1

3

3

1

4

4

Еңбекшіқазақ

13

1

1

0

0

2

5

Ескелді

6

6

6

6

6

6

6

Жамбыл

7

4

5

3

5

7

7

Іле

24

7

14

7

9

16

8

Қаратал

11

2

3

3

8

8

9

Қарасай

22

5

20

13

18

22

10

Кербұлақ

5

0

0

0

0

0

11

Көксу

11

9

10

10

11

11

12

Панфилов

10

0

6

2

2

6

13

Райымбек

9

0

1

0

1

1

14

Сарқан

9

8

9

6

7

9

15

Талғар

13

1

1

4

6

8

16

Ұйғыр

3

1

3

0

1

3

17

Қапшағай

10

10

10

10

9

10

18

Талдықорған

26

13

14

11

15

19

19

Текелі

6

5

5

3

4

6

20

Колледж

3

0

1

0

0

1

Жалпы облыс бойынша

209

81

121

86

110

152

 

2014-2015 оқу жылында өткен интерактивті сабақтарға 215 білім беру ұйымы толығымен қатыспады.

Атап айтатын болсақ: Кербұлақ ауданы мүлдем қатыспады, ал Еңбекшіқазақ, Панфилов Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Алакөл аудандарының қатысу пайызы мүлдем төмен. Интерактивті сабақтарға қатыспаудың басты себебі- интерактивті сабаққа қатысуға мүмкіндік беретін Elluminate Live бағдарламасының лицензиясы мерзімінің уақытылы ұзартылмауы және техникалық ақаулар, сонымен қатар, мектеп модераторларының іс- тәжірибесінің аздығы

2014-2015 оқу жылында өткізілген облыстық және республикалық

онлайн семинарлар

9.09.2014 - «Ұлттық білім беру деректер қоры» кіші жүйесінде түзету жұмыстарын жүргізу жөнінде облыстық онлайн өткізілді.

27.01.2015 - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

16.09.2015 - Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы Алматы облысының білім басқармасымен бірлесіп «Алматы облысында 2015 жылы 15 жастан бастап 19 жасты қоса алғандағы халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундауды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

27.10.2015 ж. - білім беру ұйымдарына арналған «Білім беру ұйымдарының ақпараттық веб-ресурсы сайтымен жұмыс» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

27.11.2015 ж. - «Алматы облысының білім беру ұйымдарының ақпараттандыру жағдайы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

4.03.2015ж. - жалпы білім беру ұйымдарына арналған «Оқушылардың білімдегі жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулер» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

15.05.2015ж. - жалпы білім беру ұйымдарына арналған «Толеранттылық тағлымы» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

21.05.2015ж. - жалпы білім беру ұйымдарына арналған «ҰБТ кезінде математикалық есептерді шешудің жеңіл жолдары» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Ұлттық білім беру деректер қоры

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰББДҚ) атты ішкі жүйе құрылған. Жүйеге 1584 білім беру мекемелері қосылған. Соның ішінде 748 жалпы білім беру мекемелері, 9 мамандандырылған, 28 арнаулы, 32 қосымша білім беру мекемелері, 20 ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар ұйымы (жанұялық типтегі балалар үйі), 663 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар), 67 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қосылған.

2014 жылдың 29 шілде мен 1 тамыз аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп 2014 жылғы әкімшілік мәліметті сапалы ұйымдастыру бойынша оқыту семинарына бөлім басшысы қатысып қайтты.

Қыркүйек айында «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау» орталығы және Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері бірлесіп .

02.09.2014 жылы аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандарына семинар ұйымдастырылды. Білім бөлімдерінен ұлттық білім беру деректер қорына жауапты тұлғалар қатысты.

03.09.2014 жылы мемлекеттік және жеке меншік кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына семинар өткізілді. Колледждерден ҰББДҚ – на жауапты тұлғалар қатысып, пікір алмасты.

  1. жылы Ұйғыр ауданының жалпы білім беретін мектептеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына семинар өткізілді. Семинарда мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мамандарға деректер қоры бойынша сұрақтарына жауап алып және де тәжірибе алмасып қайтты.
  2. жылы Райымбек ауданының жалпы білім беретін мектептеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына семинар ұйымдастырылды. Деректер қорын толтыруда жіберілген қателіктермен жұмыс жасалды.
  3. жылы Еңбекшіқазақ ауданының жалпы білім беретін мектептеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен өткізілген семинарда білім беру ұйымдарының қызметкерлері көптеген сұрақтарына жауап алды және деректер қорына өзгерістер енгізуге ұсыныстар айтты.

Қазан айларында Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектептеріне және балабақша әдіскерлеріне «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰББДҚ) бойынша семинар өткізіп, консультациялық көмек көрсетті. Тура осындай семинарлар Қарасай, Ақсу, Алакөл аудандарында өткізілді.

2014 жылы «Ұлттық білім беру деректер қоры» бойынша әр сәрсенбі күндері сағат 15.00-де «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау» орталығы қызметкерлері семинар өткізіп отырды. Семинарға білім басқармасы, облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы қызметкерлері және облыстың барлық білім беру ұйымдары үнемі қатысып отырды. Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау қызметкерлері деректер қоры бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, консультациялық қызметтер көрсетіп отырды.

Электрондық оқыту жүйесін енгізу және білім сапасын бағалау бөлімі ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп, жүйе жұмысына сараптама жасап, аудандық (қалалық) білім бөлімдерін хабардар етіп отырды.

Ұлттық білім беру деректер қорында электрондық-цифрлық қолтаңба орнатуда барлық білім беру ұйымдарына орталықтың білім берудегі ақпараттандыру техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері үнемі консультациялық кеңес беріп отырды.

Барлық білім беру ұйымдарының ұлттық білім беру деректер қорын толтыру және ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) қою жұмыстары барысында жіберілген кемшіліктер ескерілмей растап қол қойылған. Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне ескертулер жасалып, жіберілген қателіктер бойынша жұмыстар атқарылды.

«Білім беру ұйымдарының порталы» кіші жүйесі

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (I кезең) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 57- тармағын орындау үшін Алматы облысы бойынша 2012-2013 жылы 140 білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесі (e-learning) енгізілді.

Электрондық оқыту жүйесіне қосылған 140 білім беру ұйымдары бұрын құрылған өз сайттарын «Білім беру ұйымдарының порталы» (www.e.edu.kz) кіші жүйесіне көшіріп, порталды жүйелі түрде ақпараттармен толтыру жұмыстарын жалғастыруда.

Бөлім қызметкерлері апта сайын порталды толтыру жұмысын қадағалап, мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижесіне қарап, жаңа бөлімдерді қоса алмай отырған білім беру ұйымдарына хабарласып техникалық және ақпараттық көмек көрсетіп отырады.

Алайда электрондық оқыту жүйесіне (e-learning) бөлінетін қаражат республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке ауыстырылуына байланысты, «Білім беру ұйымдарының порталы» кіші жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап электрондық оқыту жүйесі қайта іске қосылуына байланысты, порталдағы деректерді өзектілеу және жаңарту жұмыстарын жүргізу мақсатында 10.12.2015 жылы №117 хат жолданды.

 

 

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.