Общая

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2017 жылы атқарылған жұмысының ЕСЕБІ

Категория: Общая
Дата: 26.01.2018
Просмотры: 1979 Печать страницы

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының 2017 жылы атқарған жұмысы

Алматы облысы бойынша білім саласын ақпараттандырудың жай-күйі

Алматы облысында күндізгі жалпы білім беретін 756 мектеп бар, ондағы оқушылар саны – 373035. Облыстың білім беру мекемелері 44161 компьютерлік техникамен жабдықталған. 2017 жылы облыс бойынша бір компьютерге оқушы қатынасы – 11 (мұғалімдердің компьютерлерін есептемегенде), ал ауыл мектептерінде 10.

1 компьютерге келетін оқушы саны жағынан Ақсу (5,3), Қаратал (6), Кербұлақ (6) аудандары жақсы көрсеткіштерге ие. Ал Еңбекшіқазақ (17,9), Іле (16,2), Қарасай (14,1), Талғар (13,1) аудандарында компьютерлік техникамен жабдықтау өте төмен. Бұл аталған аудандардағы оқушылар санының жылдан жылға артуына байланысты болып отыр.

Дегенмен көптеген аудандарда 1 компьютерге келетін оқушы санының жоғары болу себебі – ескі техника санының басымдығы. Өйткені көптеген мектептерде 90-жылдардағы компьютерлер осы күнге дейін баланстан шығарылмай, есепке алынып отырғаны белгілі.

Облыстық семинарлар, тексерулер, орындалған қызметтер

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 29 тамызындағы №536 бұйрығы негізінде, «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы аясында облыстың 417 білім беру мекемесі «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылды. Осыған байланысты Орталық қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты мамандары мен мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін семинарлар өткізіп, консультациялық кеңестер беріп отырды.

Білім басқармасы тарапынан өткізілетін алқа мәжілістеріне ҰББҚД деректер қорын толтыру бойынша мониторинг жүргізіп, ақпарат беріп отырды.

2017 жылы облыстағы мектептерді сапалы сандық білім беру контентіне қосуға, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және мектептердегі Интернет желісінің жылдамдығын көтеруге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді. Осыған орай, білім беру контентіне қосылатын мектептерді анықтап, сатып алынған мультимедиалық құрылғылар және мектептердің Интернет жылдамдықтарының көтерілуі туралы ақпаратты ай сайын жинап, талдап, ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданып отырды. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің есепшілері мен ақпараттандыруға жауапты мамандар үшін семинарлар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі цифрлық білім беру контентін пайдалану мен дамыту шеңберінде мультимедиалық құрылғыларды сатып алуға республикалық бюджеттен 108,128 млн. теңге қаражат бөліп, оған шағын жинақталған 109 мектепке 232 жинақ алынды. Орталық қызметкерлері облыс бойынша 109 шағын жинақталған мектептің жүйелік блоктарына BilimLand, itest, imektep сияқты білім беру контенттері бағдарламаларын орнату жұмыстарын жүргізіп, сараптама жасады.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының сараптамалық кеңесінің құрамы жыл бойы білім беру мекемелеріне бюджеттік бағдарлама есебінен ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу үшін сараптамалық кеңес қорытындыларын әзірледі.

«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №628 бұйрығы (Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №12548 болып тіркелген) негізінде Орталық қызметкерлері білім беру ұйымдарындағы компьютерлік техниканы жаңартуға, Интернет қызметтеріне, басқа да ақпараттандыруға байланысты қызметтерді қосуға қажетті қаражат мөлшерін анықтап, есептеулер жүргізіп отырды.

Білім басқармасына ақпараттандыру бойынша келіп түскен хаттарға жауап жазып, облыс әкімдігіне білім беру жүйесін ақпараттандыру бойынша мәлімет беріп, келіп түскен түрлі тапсырмаларды орындап отырды (презентация құру, бейнежазбалар өңдеу, баннер, буклет, брошюра әзірлеу және баспадан шығару).

Қаңтар айының 5-6-сы күндері Орталықтың базасында «Информатика» пәнінен мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасы өткізілді. Қатысушылар саны – 63. Орталық қызметкерлері іс-шараның өткізілуін ұйымдастырып, техникалық қолдау көрсетті.

Ақпан айында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты HYPERLINK "http://www.zhetysu.gov.kz/news/almaty-oblysyny-k-m-amandy-batalovty-t-r-yndar-aldynda-y-eseb.html"ң HYPERLINK "http://www.zhetysu.gov.kz/news/almaty-oblysyny-k-m-amandy-batalovty-t-r-yndar-aldynda-y-eseb.html" тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізуіне орай, Алматы облысының білім басқармасының тапсырмасы бойынша Орталық қызметкерлері стенд материалдарын жинақтап, дайындап шығарып, 22 ақпан күні өткен есеп беру іс-шарасында стендті жинап, орталыққа жеткізді.

Ақпан айының 3-11-і аралығында «Ұлттық білім беру деректер қоры» кіші жүйесі деректерінің қателіктерін түзеу жұмыстары жүргізілді. Әр бөлімнің қызметкерлері өздеріне бекітілген аудандарының жұмысын қадағалап, әдістемелік көмек көрсетті.

Орталық директоры А. Шарипова «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған Елбасы жолдауына байланысты өткізілген семинарында баяндама жасады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам» партиялық жобаларын жүзеге асыру, әріптестік қызмет сапасын арттыру және қоғамдық-саяси шаралар маңыздылығын күшейту мақсатында кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» өз базасында 2017 жылдың 7 ақпанында «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталын (friendlybuilding.kz) ақпараттармен толтыру және түзету үшін облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, көлік басқармаларының мамандарына онлайн режимінде оқыту семинарын өткізді. Осыған орай, аудандарға хат жолданып, порталға жауапты мамандар бекітілді және жауапты мамандардың тізімі министрліктегі порталға жауапты қызметкерге логин және парольдар құру үшін жіберілді. Ал Орталықтың барлық бөлімдерінің қызметкерлеріне нақты аудандар бекітіліп, «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталының толтырылуын қадағалау, техникалық көмек көрсету жүктелді.

Жыл бойы барлық аудандар бойынша порталға тіркелген мектептер мен балабақшаларды анықтау, сұрыптау, мониторингілеу жұмыстары жүргізілді. Порталға енген 951 нысанның 723-і – мектеп, 150-і – балабақша, 40-ы – колледж, 23- і – арнайы білім беру мекемелері, 3-еуі – білім бөлімдері, 1-еуі – әдістемелік кабинет, 5-еуі – қосымша білім беру мекемелері, 4-еуі – жетім балалар үйі, 1-еуі – университет және 1-еуі – оқу-өндірістік комбинаты.

2017 жылдың 10 ақпанында Білім басқармасының кезекті алқа мәжілісінде Орталық директоры Шарипова Аида Бөлегенқызы «Облыс бойынша бөлінген трансферлер туралы» тақырыбында баяндама жасады.

28 ақпан күні Орталық директоры А. Шарипова облыстық әкімдікте «Күнделік» жүйесі бойынша өткен селекторлық жиынға және «Халық саны 250 және одан жоғары ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен жабдықтау» жобасының талқылауына қатысты. Талқылау қорытындыс бойынша «Қазақстан Республикасының 250 адамнан аса тұрғыны бар ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту» жобасының параметрлерін нақтылау үшін ведомстволық бағынышты мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелердің Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін тұтыну көлемін, оның ішінде шығындарын анықтау, болжау қажет болды. Осыған орай, 23-24 ақпан күндері облыстық мамандандырылған мекемелерден (8), арнайы білім беру мекемелерінен (29), техникалық және кәсіптіктік білім беру ұйымдарынан (37) 2014-2016, 2017-2019 жылдарға арналған Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету қызметтері бойынша тұтыну көлеміне байланысты ақпарат жиналды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының 250 адамнан аса тұрғыны бар ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту» жобасының параметрлерін анықтауға байланысты (№1386 хат негізінде) облыс бойынша аудандық әкімдіктерден Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін тұтыну көлемі, ауылдық өңірдегі мемлекеттік органдар, бюджеттік мекемелер саны туралы ақпарат жиналды.

2017 жылдың ақпан-наурыз айларында Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Орталық қызметкерлері «Ұлттық ақпараттандыру технологиялар» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп облыс бойынша 2012-2013 жылдары ЭОЖ-ға қосылған 140 білім беру ұйымының техникаларына инвентеризация жасауға шықты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлт жетекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры құрған 2012 жылғы “Қазақстан Республикасының әлеуметтік идеялар мен жобалар” жәрмеңкесінің жеңімпазы “Интерактивті мектеп” әлеуметтік жобасын қолдау мақсатында 2017 жылдың наурыз айында 19 білім бөліміне, 686 мектепке және 9 облыстық мекемеге сайт өңделіп, аяқталды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен информатика пәні мұғалідеріне сайтты толтыруға байланысты оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Жыл бойы «Интерактивті мектеп» әлеуметтік жобасы аясында құрылған мектеп сайттарының толтырылуы қадағаланып отырды. Хабарласқан аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне сайтты толтыру бойынша техникалық көмек көрсетілді, Орталықтың ресми сайтында білім беру ұйымдарының сайттарына сілтеме орналастырылды.

Наурыз айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К.Әмриннің төрағалығымен орта білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша жұмысшы тобының отырысына байланысты (1195 хат негізінде), облыс бойынша мектеп аралығында аудандардан оқушы, мұғалім, компьютер, мультимедиалық құрылғылар саны, Интернет жылдамдығы, «Күнделік» немесе «E-learning» жүйесіне қосылуы, құрылымдық кабельдік желілер туралы ақпарат жиналды.

«Бұлттық технологиялар» бойынша Алматы қаласында өткізілген семинарға Орталық директоры А.Б.Шарипова, ЭОЖ енгізу және білім сапасын бағалау бөлімінің басшысы А.Менлыбаев қатысты.

Жамбыл ауданында Жамбыл Жабаевтың 171 жылдығына орай оқушылар арасында өткен республикалық ақындар айтысына Орталықтың ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкері техникалық көмек көрсетті.

Ресурстық орталықтың маманы мен Орталық қызметкерлері Көксу ауданының білім беру мекемелерінің басшылары мен информатика пәнінің мұғалімдері үшін білім беру контенттерін орнату бойынша семинар ұйымдастырды, білім берудегі ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің мамандары Көксу ауданына келген BilimLand, itest, imektep білім беру контентінің жаңа нұсқасымен танысты.

2017 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінде Білім берудегі IT-жүйелер туралы бөлімінің 3-тармағында облыс әкімдіктері Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мектептерді Wi-Fi жарақтандыру мәселесін пысықтау тапсырылды. Осыған орай, (№1239 хаттың негізінде) облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық орта білім беру мекемелеріне wi-fi жергілікті желісін орнатуға қажетті қаражат мөлшерін есептеу мен мектептер санын анықтау жұмыстары жүргізілді. Облыс әкіміне хат жолданып, мәслихат сессиясы шешімімен облыстық бюджеттен қаражат қарастыру үшін ұсыныстар енгізілді. Wi-Fi желісімен жарақтандыруға 2017 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Әмринге алдағы уақытта «E-learning» электрондық оқыту жүйесінің жұмысына байланысты білім беру мекемелеріндегі қажетті жұмыс бағыты туралы (№42-42/690) хат жолданды.

№1137 хат негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы I жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының "Адами капиталдың сапасын арттыру бойынша реформаларды тереңдету" бөлімінің 104-пунктіне сәйкес мектептерде ішкі ҚКЖ (құрылымдалған кабельдік жүйе) сымсыз интернет желісін құруға байланысты облыс бойынша мектептердің тізімі әзірленді.

Облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың тапсырмасымен Наурыз мейрамына байланысты буклет дизайны әзірленіп, баспадан шығарылды.

Сәуір айында Білім басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша Алматы облысы әкімдігінің, Аймақтық кәсіптік палатасының, Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12 сәуірінде І-ші Халықаралық «Білім. Бизнес. Кәсіп.» форумы өткізілуіне орай форум материалдарын жинақтап, баспадан шығару жұмыстары жүргізілді, бейджик, бағдарлама және резолюциясының дизайны жасалды.

12 сәуір аталған Халықаралық форумға Орталық қызметкерлері техникалық көмек көрсетті.

ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің Алматы облысына іссапармен келуіне орай, Талдықорған қаласындағы №14, №26 орта мектептерінің техникаларының жай-күйі бапталды, Wi-fi нүктелерінің жұмысы тексерілді. Білім басқармасының мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің стендінің дизайны әзірленіп, жасалды.

28 сәуір күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің келуіне байланысты Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясына Орталықтың ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері техникалық көмек көрсетті.

Орталық директорының орынбасары Г.Т.Керімбаева «1С Қазақстан» өкілдігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен «Білім беру саласындағы жаңа технология. 1С технологиялық базасында экономика және білім саласындағы инновация» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

2017 жылдың 29 мамыры күні жалпы білім беру мекемелерінің білім беру және тәрбие жұмыстарында ақпараттық технологияларды қолданатын пән мұғалімдері (информатика пәнінен басқа), педагогикалық қызметкерлері арасында облыстық «Ең үздік Activstudio презентациясы» байқауы өткізілді. Байқауға облыс бойынша 15 мұғалім қатысты. Байқау жеңімпаздары анықталып, 1,2 және 3-орындар иегерлері марапатталды.

«Kundelik.kz» жүйесіне қосылған білім беру мекемелері мен ЖШС «Күнделік» арасында келісімшартқа отыруы туралы аудандық/қалалық білім бөлімдеріне және облыстық мекемелерге хат (2017 жылдың 18 мамыры №105) жолданып, барлық мекемелердің келісімшарттары жиналды.

Облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың ағымдағы жылдың 2 мамырындағы аппараттық жиналысының №8 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Білім беру ұйымдарының ақпараттық веб-ресурсының (http://zhetysu-edu.kz) домені http://tylek-zhetysu.kz доменіне өзгертілді.

Маусым айында «Е-learning» электрондық оқыту жүйесі «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен алмастырылуына байланысты, «Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне қосылған мектептерге техникалық қызмет көрсететін «ҰАТ» (АО «НИТ») акционерлік қоғамына бұрынғы жасалған келісімшарттың күші 2017 жылдың 1 маусымынан бастап жойылу керектігі туралы (№42-42/1380 хат) хабарланды.

14 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің «Алтын белгі» белгісінің иегерлерін құттықтады. Ал Тіл сарайы ғимаратында облыс әкімінің республикалық, халықаралық олимпиада және ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарымен игі дәстүрлердің біріне айналған кездесу өткізді. Осы іс-шараларға Орталық қызметкерлері ат салысып, презентация, бейнеролик, футаж жасап, техникалық көмек көрсетті.

22-23 маусым аралығында Орталықтың базасында «Қаржыландыру орталығы» АҚ қызметкерлері орта білім беруде жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім беру мекемелерінің есепшілеріне арналған семинар өткізді. Орталық қызметкерлері аталған семинарға техникалық қолдау көрсетті.

Шілде айында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе отырып, жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында 2017 жылдың шілде айынан бастап облыстың шағын жинақталған 77 мектебін интеравтивті жабдықтармен жабдықтау шараларын жүзеге асырды. Облыстық қаржы басқармасының тапсырмасы бойынша 77 шағын жинақталған мектептің келісімшарттары аудандық әдіскерлерге жолданып, облыс мектептері құрылғыларды қабылдап алған соң, актілерге қол қойылған нұсқалары жинастырылды.

2017 жылдың 6 шілде күні Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өткізілетін «Ашық үкімет» жәрмеңкесіне Білім басқармасының тапсырмасымен мәліметтер жинақталып, презентация, видео әзірленіп, брошюралар баспадан шығарылды. Сонымен қатар Орталықтың білім берудегі ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің мамандары «Жастар» саябағында «Ашық үкімет» жәрмеңкесінде ноутбук, лед дисплейлерді орнату, электорлық жүйесін жүргізу, бейнероликтерді қосу жұмыстарын жүргізді.

2017 жылдың 5-15 тамыз аралығында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы жобаларды іске асыру аясында «Үздік сандық ресурс», «Менің мектебім» атты байқау өткізілді. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 7-11-сынып оқушылары қатысты, жобалар іріктеліп, жеңімпаздар анықталды.

24 тамыз күні «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбымен облыстық тамыз кеңесі өтті. Осыған орай бөлім қызметкерлері өздеріне бекітілген аудандардың көрмелерінің дизайнын әзірледі, 500 дискіге жазылды. Өткізілген іс-шараларға презентация, бейнеролик әзірленді, техникалық көмек көрсетілді, стенд, бағдарлама дизайндары әзірленді,Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөліміне, облыстық әдістемелік кабинетке пилларс өңделініп жасалды. Тамыз кеңесінде оқылатын Білім басқармасы басшысының баяндамасының презентациясы дайындалды. «Білім беру контенті мен IT технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбында секциялық жұмыс өткізілді. IT технологиялардың көмегімен білім беру деңгейінің сапасын көтеру жолдары мен әдістерін, жаңашылдық идеяларды ортаға салу мақсатында өткізілген облыстық тамыз кеңесінің 23-секциясы жұмысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінен 1 маман, 11 әдіскер және 5 информатика пәні мұғалімі және 5 Орталық қызметкері қатысты.

Мектептерді сапалы сандық білім беру контентіне қосуға, метериалдық-техникамен қамтамасыз етуге және мектептердегі Интернет желісінің жылдамдығын көтеруге 2017 жылы бөлінген нысаналы трансферттерге байланысты 2017 жылдың 16 тамызында Білім басқармасы басшысының орынбасары М.Т.Омарованың қатысуымен аудандық/қалалық білім бөлім басшыларына, нысаналы трансферттерге жауапты есепшілерге, ақпараттандыруға жауапты мамандарға он-лайн кеңес өткізілді. Тамыз айында аудандарға хат жолданып, трансферттер бойынша мониторинг жасалды.

2017 жылы қыркүйек айында Ұлттық білім беру деректер қорының ашылуына орай аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық білім беру мекемелеріне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріне хат жолданды. ҚР БҒМ-нің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның Алматы облысына жауапты қызметкері Г.А.Бағланова және Орталық қызметкерлерімен барлық аудандарға қыркүйек айының 26-30 күндері аралығында кеңес өткізді. Алматы облысындағы барлық білім беру мекемелеріне ҰББД қорын толтыру бойынша консультациялық көмек беріліп, толтыру барысында табылған қателер туралы ақпарат міндетті түрде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің электронды мекенжайына жолданып, оларды түзету жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 6 қазанында «Ұстаз - ұлы тұлға» атты облыстық мұғалімдер күні өтті. Осы іс-шараларға Орталық тарапынан презентация, бейнеролик әзірленіп, техникалық көмек көрсетілді.

2017 жылдың 17, 19 қазанында (5254 хат негізінде) ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «Күнделік» ЖШС-мен электрондық журнал бойынша облыстағы мұғалімдерге арналған вебинарлар өтті. Вебинардың бейнежазбасы сақталып, аудандық білім бөлімдерінің үйлестірушілеріне қосымша жолданды. Ал 20 қазан күні аудандық, қалалық білім бөлімдерінің үйлестірушілеріне арналған кеңес және вебинар өткізілді. Өткізілген вебинарлар бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінен хаттамалар жинастырылып, ҚР БҒМ-ге қорытынды ақпарат жолданды.

Ағымдағы жылдың 18 қазанында кезектегі дарынды балаларға арналған олимпиаданың өтуіне байланысты Орталықтың ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімі компьютерлік сыныпты дайындап, техникалық қолдау көрсетті.

Аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, облыстық мекемелерге кең жолақты интернетке бөлінген трансферттің үнемделген сомасы нысаналы болғандықтан, тек осы мақсатқа жұмсалынатыны туралы №42-42/2356 хат жолданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес, жергілікті органдар үнемделген қаражатты пайдалану мәселесін дербес шешуге құқығы бар (№ 3986 хат негізінде). Осыған орай, үнемделген сомалар мектептерге Wi-Fi жарақтандыруға жұмсалынатыны туралы Талдықорған, Қапшағай қалаларының, Панфилов, Жамбыл, Сарқан, Ескелді аудандарының есепшілеріне хат (№168) жолданды.

27 қазан күні өткізілген облыстық алқа мәжілісіне «Білім беру ұйымдарында цифрландыруды дамыту мәселелері» тақырыбына баяндама әзірленді. Осыған орай, нысаналы трансферт бойынша сатып алынған мультимедиалық құрылғылар, кең жолақты интернет туралы, білім беру контентіне қосылған мектептердің сабаққа қатысу мониторингісі, белсенді аудандар, «Күнделік» БАЖ-ды толтырған мектептердің мониторингісі сияқты ақпараттар дайындалды.

ҰБДҚ базасы техникалық ақаулықтарға байланысты дұрыс жұмыс істемеуіне орай және қателермен жұмыс істеу үшін ҰБДҚ жұмысы ұзартылды. Алматы облысындағы барлық білім беру мекемелеріне ҰББД қорын толтыру бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Ұлттық Білім Беру Деректер қорын толтыру барысында табылған қателер міндетті түрде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің электронды мекенжайына жолданып, оларды түзету жұмыстары атқарылды.

Қараша айының 2-3-і күндері «Bilim media group» компаниясының ұйымдастыруымен «Жаңартылған мазмұн» тақырыбында өткізілген республикалық семинарға ақпараттық технологиялар орталығының директоры А.Б.Шарипова және орталық қызмкеткерлері А.Менлыбаев, Н.Нүкенов қатысып қайтты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы 2 қарашада "Білім беру ұйымдарында «Электронды күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, 3,5 және 7-сыныптардағы жаңартылған білім беру мазмұнының және білім алушылардың білімін критериалды бағалау жүйесі мәселелері" бойынша селекторлық мәжіліс өткізді. Осыған орай, аталған мәселелер бойынша Білім басқармасы басшысының орынбасары М.Омароваға ақпарат әзірленіп, мәжіліске Ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары қатысты.

2017 жылдың қараша айында (13-30 қараша аралығында) Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы жоспарына және Білім басқармасының 10.11.2017 жылғы №694-н бұйрығына сәйкес облыстың білім беру мекемелерінің ақпараттандыру бойынша жағдайы зерделенді. Зерделеу барысында білім беру ұйымдарында қойылған мультимедиалық құрылғылардың дұрыс орналастырылуы мен қолданылуы, бағдарламалық қамсыздандырылуы, Интернет желісімен қамтамасыз етілуі, жылдамдығы, «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесіне байланысты шығарылған бұйрықтар мен құжаттар, жүйе компоненттерімен жұмысы (сынып журналының толтырылуы, сабақ кестесінің құрылуы, сабақтың жоспарлануы, тіркелген мұғалім, оқушы, ата-ана санын, білім беру мекемесі туралы ақпараттармен толтырылуын, пән мұғалімдерінің жүйеде жұмыс жасауы, ақпараттық веб-ресурстары («Интерактивті мектеп» жобасы аясында құрылған мектеп сайттары, www.tylek-zhetysu.kz сайты бойынша атқарылған жұмыстары) қаралды.

Алматы облысы әкімдігінің "Ақпараттық технологиялар орталығының" облыста халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру курстарын ұйымдастыруына орай, Талдықорған қаласының білім бөлімімен бірлесіп, курстың өту кестесі дайындалды (№6216 хат бойынша). Кестеге сәйкес қараша айының 21-28-і аралығында мектептерде өткен компьютерлік сауаттылық бойынша курстың ұйымдастырылуын, техникалық жағдайын біздің Орталық мамандары қадағаланды.

2018 жылға республикалық бюджеттен кеңжолақты интернетке, контентке, мультимедиалық құрылғыларға бөлінетін нысаналы трансферттер аудандар бойынша бөлініп есептелді, компьютерлік техниканың бюджеттік өтінімі әзірленді, жоспарлар облыстық экономика басқармасына жолданды.

Орталық директоры Шарипова А.Б. облыстық "Дарын" ғылыми жобалар жарысының «Информатика» секциясының қазылар алқасының төрайымы болды, жобаның жеңімпаздары анықталып, қорытындысы шығарылды. 28-29 қараша күндері Орталықтың ақпараттандыруды техникалық қамсыздандыру бөлімінің мамандары Талдықорған қаласындағы № 9 орта мектептің техникалық жағдайын дайындап, ал барлық бөлімнің қызметкерлері жатақханаларда кезекшілікте тұрды.

Желтоқсан айында Ұлттық деректер қорының ашылуына орай, барлық қызметкерлер өздеріне жүктелген аудандарға хабарласып, техникалық қолдау көрсетті.

2017 жылдың 22 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы Неке сарайында өткен «Президенттік шырша» мерекесінде Орталық қызметкерлері техникалық сүйемелдеу, безендіру жұмыстарын жүргізді. Президенттік Жаңа жылдық шыршаға шақыру билетінің эскизі, бейнеролик, презентация дайындады. Облыс әкімінің құттықтау сөзі баспадан шығарылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының тапсырмасымен Ескелді, Көксу аудандарынан және Текелі қаласынан Led панельдер жеткізіліп, Неке сарайына қойылды.

Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «E-Learning» электрондық оқыту жүйесі «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен алмастырылуына байланысты, «E-Learning» электрондық оқыту жүйесіне қосылған мектептерге жоспарланған қаражатты бөлу қажет етілмейтіндігі туралы хат (№42-42/2878) жолданды.

Білім басқармасының орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөліміне сауалдарға сәйкес (№12408 хаты бойынша 191,192,9,193,194 тармақтарына), Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 33,34 тармақтарына және орта білім берудегі ақпараттандыруға байланысты мәліметтер жолданды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде (№6607 хат бойынша) 2017 жылға бөлінген нысаналы трансферттер, яғни сатып алынған мультимедиалық құрылғылар туралы және мектептердің Интернет жылдамдықтарының көтерілуі, мектептерге Wi-Fi желісін жүргізу туралы аудандық, қалалық білім бөлімдерінен ақпарат жиналып, реттелді.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының www.aocit.kz ресми сайтын Орталық қызметкерлері жыл бойы ақпаратпен толықтырып, жаңартып техникалық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Осы салада заман ағымына байланысты туындаған жаңалықтарды игеру мақсатында сайттың безендірілу жұмыстары жаңартылды. Сонымен қатар, Алматы облысының білім басқармасының ресми сайтының (http://almaobledu-gov.kz/) жыл бойы әкімшілік жұмыстары жүргізіліп, жаңалықтар, баннерлер және батырмалар қосылды. Бейнероликтер, презентацияларды және басқа да құжаттарды жүктеуге арналған сілтемелер сайтқа орналастырылып, техникалық қолдау көрсетіліп отырды. Орталық «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурсын (http://tylek-zhetysu.kz) құрған болатын. Сайтқа аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарында өтіп жатқан іс-шаралар туралы жаңалықтар, мұғалімдердің үздік сабақ жоспарлары, сондай-ақ пайдалы ақпараттар жарияланып отырды. «Facebook», «Bkонтакте», «Twitter» әлеуметтік желілеріне Алматы облысы білім басқармасының, Орталықтың жыл бойы өткізілген іс-шаралар, жаңалықтар легі дайындалып, жарияланып отырды.

«Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 29 тамызындағы №536 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарында «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданылады.

Аталған жүйе қағаз журналдар мен күнделіктерден бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл қосарлы жұмысты тоқтатып, есептілікті едәуір қысқартады.

Алматы облысы бойынша жүйеге 2016 жылы 189 білім беру ұйымы қосылды. Ал 2017 жылы білім беру ұйымдарының саны 417 мекемені құрады.

2016-2017 жылдар аралығында «Күнделік» ЖШС-мен бірлесе отырып, 19 ауданның білім беру мекемелеріне семинарлар және вебинарлар өткізілді.

Жыл бойы «Күнделік» электронды оқыту жүйесін пайдалану бойынша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетілді.

«Ұлттық білім беру деректер қоры»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰББДҚ) атты ішкі жүйе құрылған. Жүйеге 1990 білім беру мекемесі қосылған. Соның ішінде 747 жалпы білім беру мекемесі, 10 мамандандырылған, 29 арнаулы, 95 қосымша білім беру мекемелері, 10 ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар ұйымы (жанұялық типтегі балалар үйі), 999 мектепке дейінгі білім беру ұйымы (мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар), 74 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қосылған.

Қыркүйек айында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшысы және Алматы облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері бірлесіп, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне ҰББДҚ өзгерістері бойынша және қателерді түзету бойынша семинарлар өткізді.

Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының мамандары күн сайын Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп, жүйе жұмысына сараптама жасап, аудандық (қалалық) білім бөлімдерін хабардар етіп отырды.

Ұлттық білім беру деректер қорында электрондық-цифрлық қолтаңба орнатуда Орталықтың білім берудегі ақпараттандыру техникалық қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері барлық білім беру ұйымдарына үнемі консультациялық кеңес беріп отырды.

Барлық білім беру ұйымдарының Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру және ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) қою жұмыстары барысында жіберілген кемшіліктер ескерілмей, растап қол қойылған. Осы мәселе бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне ескертулер жасалып, жіберілген қателіктерді түзету жұмыстары атқарылды.

Цифрлық білім беру ресурстары

«Bilim media group» компаниясының «iMektep» анимациялық фильмдері - дыбыстау-бейнелеу туындысы, «iTest» – ҰБТ-ға дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешені, «BilimLand білім беру платформасы» электронды ресурстарына 2017 жылы облыстың 737 мектебі қосылды. Олардың 238 мектебі онлайн, ал 499 оффлайн режимінде жұмыс істейді. Онлайн режимінде қосылған мектептерге мұғалімдердің санына қарай және 11-сынып оқушыларына арнайы логин және құпиясөздер берілді. Оффлайн режимінде қосылған мектептерге Bilimbox, BilimDesk, BilimDeskLan құрылғылары таратылды және ресурстар компьютерлерге орнатылды. Алматы облысының ресурстық орталығы және Ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Алматы облысының мұғалімдеріне арналған "iMektep", "iTest", "BilimLand білім беру платформасы" оқыту порталдары бойынша 2017 жылдың маусым айынан бастап жыл соңына дейін семинар- тренингтер өткізілді. Семинар-тренингтен өткен мұғалім саны - 1200.

Алматы облысы бойынша өткізілген тренинг- курстар

Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің тапсырысы бойынша, Орталықтың білім беру үдерісін ақпараттандыру бөлімінің қызметкерлері облыс мектептерінің базасында мұғалімдерді ақпараттық технологияларды білім үдерісінде тиімді пайдалануға үйрету мақсатында курстар ұйымдастырып, оқытады.

Курстын негізгі мақсаты - білім беру мекемелерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді қолдана білуге, педагогтердің инновациялық бағытта жұмыс жасауына ықпал ету.

Биылғы оқу жылында жалпы 360 педагог курстан өтті.

Білім беру үдерісінде мультимедиалық-лингофонды кабинеттерге арналған «Пифагор» және «Бәйтерек» бағдарламаларын қолдану, «Білім беру үдерісінде интерактивті құрылғыларды қолдану әдістемесі" оқыту курсына Талғар, Жамбыл, Қарасай, Талдықорған, Қаратал аудандары бойынша мұғалімдер қатысып, сертификат алды.

Облыстық интерактивті сабақтар туралы мәлімет

Алматы облысы бойынша 2017-2018 оқу жылы онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысатын білім беру ұйымдарының саны - 237. Оның 227-сі - орта мектеп, 8-і - облыстық мекемелер және 2-еуі - колледж.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 44 және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 5 облыстық интерактивті сабақ өткізу жоспарланды. 44 сабақтың 26 сабағы жаратылыстану-математикалық бағытта, ал 18 сабағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жинақталды.

Осы кестеге сәйкес облыс мұғалімдері оқу жылы ағымында әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00-де www.elp.kz порталының «Almatinskaya oblast» бөлмесінде ашық сабақтарын өткізіп тұрады.

Облыс бойынша 2017-2018 оқу жылында өткізілетін

облыстық интерактивті сабақтар саны

Аудан (қала)

Сабақ саны

Пәні

1

Ақсу

2

Тарих

Биология

2

Алакөл

2

Орыс тілі

Қазақ әдебиеті

3

Балқаш

2

Химия

Тарих

4

Еңбекшіқазақ

1

Химия

5

Ескелді

2

Қазақ тілі

География

6

Жамбыл

2

Ағылшын тілі

Жаратылыстану пәні (бастауыш сынып)

7

Іле

2

Математика

Биология

8

Қаратал

2

 

Химия

Орыс әдебиеті

9

Қарасай

2

Информатика

Қазақ тілі (бастауыш сынып)

10

Кербұлақ

1

Физика

11

Көксу

2

 

Қазақ әдебиеті

Әдебиеттік оқу

12

Панфилов

2

 

Ағылшын тілі

Математика

13

Райымбек

1

Информатика

14

Сарқан

2

 

Математика (бастауыш сынып)

Физика

15

Талғар

1

Қазақ тілі

16

Ұйғыр

2

Ағылшын тілі

Жаратылыстану пәні (бастауыш сынып)

17

Қапшағай

1

География

18

Текелі

2

Ағылшын тілі

Жаратылыстану пәні

(бастауыш сынып)

19

Талдықорған

2

Информатика

Әдебиеттік оқу

20

Колледж

3

Педагогика

Қазақ тілі

Психология

21

Облыстық мекемелер

8

География

Физика

Қазақ әдебиеті

Биология

Физика

Математика

Информатика

Қазақ тілі

22

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

5

 

 

Жалпы саны

49

 

 

2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында өткізілген облыстық онлайн семинарлар

19.10.2017 жыл - Алматы облысының білім басқармасы Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, «Білім беру ұйымдарының оқушыларын тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру» тақырыбы бойынша онлайн семинар өткізді.

24.11.2017 жыл - Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

30.11.2017 жыл - Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Химия пәнін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өткізді.

07.12.2017 жыл - Алматы облысының білім басқармасы Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп, «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбы бойынша онлайн семинар өткізді.

2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында өткізілген

республикалық онлайн семинарлар

11.08.2017 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті «Жалпы орта білім беру ұйымдарын 2017-2018 оқу жылына дайындау және іске асырылатын өзгерістер мәселелері» бойынша онлайн кеңес өткізді.

25.10.2017 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері» және «Әліппе» оқулығы бойынша апробацияның өту барысы» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

14.11.2017 жыл - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейіңгі және орта білім департаменті «Республикалық педагогикалық он-лайн кеңес» өткізді.

29.08.2016 жыл - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жөнінде тұрғындар арасында ақпараттандыру жүргізу» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

І жартыжылдықта өткізілетін 23 сабақтың (ТЖД- 2 сабақ) 21 сабағы өз уақытында, талапқа сай өткізілді.

2 сабақ өткізілмеді. Райымбек ауданы №3 Кеген орта мектебі 4.10.2017 жылы өтуі тиіс сабақты мұғалімнің курсқа кетуіне байланысты өткізбеді. Себебі мұғалім курсқа кететінін ескертпеген.

Текелі қаласы №1 орта мектебі 15.11.2017 жылы өтуі тиіс сабақты интернет желісінің жұмыс істемеуіне байланысты өткізбеді.

Облыс бойынша 5 мұғалім республика көлемінде онлайн сабақ өткізді.

Облыс мектептерінің І жартыжылдықта өткен  интерактивті сабақтарға қатысу мониторингі

Орталық директоры А.Шарипова

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.